Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Илешева Разалия Ғалиқызы
Илешева Разалия ҒалиқызыИлешева Разалия Ғалиқызы - медицина ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. 1927 жылдың 19 маусымында Орал қаласында дүниеге келген. 1946 жылы Орал фельдшерлік мектебін үздік бітірген. 1951–1954 жылға дейін – аспирант, 1954 – 1963 жылдары – ассистент, 1963 – 1973 жылдары психиатрия кафедраның доценті, 1971 – 2003 жылдары, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің профессоры. Мұнда ол 52 жыл еңбек етті.

2003 жылғы қаңтардан бастап Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми – практикалық орталығы әлеуметтік пен сот психиатриясы бөлімшесінің бас ғылыми қызметкері.

1955 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады. 1970 жылы РСФСР – дың денсаулық сақтау министрлігінің психиатрия ғылыми зерттеу институтында (Москва қаласы) докторлық диссертация қорғады. Ол жоғарғы категориядағы дәрігер – психиатр, сот психиатр – сарапшы мамандығы бар.

Р. Г. Илешева – Қазақстан, Орта Азия елдерінің әйелдерінен шыққан тұңғыш медицина ғылымының докторы, профессор – психиатр.

Ол 200 жуық ғылыми жұмыстар жариялады. Соның ішінде 6 монография, 2 оқулық:

•    «Қарттық кездегі сандрақ психоздар» (1976 ж.),
•    «Қарттық кездегі аффективті психоздар» (1980 ж.),
•    «Жасөспірімдер мен балалар тәртібінің бұзылуы» (1990 ж.),
•    «Медициналық психология» қазақ тілінде (1994 ж.),
•     «Психиатрия» оқулығы қазақ тілінде (1995 ж.),
•    «Қазақстанның сот пен әлеуметтік психиатрия тарихы»(2004 ж.),
•    «Қазақстан, психиатриясының тарихы»(2006 ж.).
•     «Геронтопсихиатрия» (2007 ж.),
•    «Медициналық психология» қазақ тілінде (2 басылым, өңделген және толықтырылған (2009 ж. )) брошюралар мен әдістемелік нұсқаулар.

Қазақстандағы әлеуметтік және сот психиатриясының тарихын ол тұнғыш рет 2004 ж. жариялады. Оның «Қазақстан психиатриясының тарихы» (2006 ж.) деген монографиясы алғашқы іргетасы еңбек болып саналады. Бұл еңбек тарихи және қазіргі психиатриялық мәселелерді зерттеуге арналған.

Р. Г. Илешева С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетіндегі психиатрия мен медициналық психологиядан қазақ тіліндегі алғашқы лектор.

С. Д. Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттік медициналық университетінде 10 жылдан артық студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының ғылыми жетекшісі болды. Ол үшін Р. Г. Илешева ССРО жоғарғы оқу министрлігінің Құрметі грамотасымен марапатталды.

Редактор, редколлегия мүшесі ретінде оның қатысуымен 20 – дан артық жинақтар шығарылды. Қазіргі кезде «Психиатрия, психотерапия және наркология», «Ментальді медицина мен экология» журналдарының редколлегия мүшесі. «Сот психиатриясының» бас редакторының орынбасары. Қазақ энциклопедиясындағы «Психикалық аурулар» мақаласының авторы. Осы кісінің жетекшілігінің арқасында бір докторлық, бес кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Осы уақытта бұл кісінің жетекшілігінің арқасында докторлық диссертация дайындалып психикалық науқастардың әлеуметтік Жанұясымен біргереабилитациясы, олардың қоғамға қауіпті әрекеттерінің алдын алу, сот жүргізуді демократияландыру тереңдетілген ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Көптеген халықаралық конгрестер мен симпозиумдарға, семинардағы, бүкіл одақтық, республикалық конференцияларға қатынасты. 5 бүкіл одақтық съездерге қатысты онда баяндамалар жасады.

Психиатрлар мен невропатологтардың бүкіл одақтық басқармасының мүшесі болды. Бүкіл одақтық «Олигофрения», «Кәрілер психоздары» комиссиясының мүшесі болды. Психиатрлар мен невропатологтар бүкіл одақтық қоғамның «Балалар психиатриясын секциясының президиум мүшесі болды. 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының психиатрлар мен наркологтар Ассоциациясының вице – президенті болды, қазіргі кезде бұл ұжымның кеңес мүшесі.

1975-2002 жылдары Р. Г. Илешева Қазақстан Республикасының штаттан тыс ден саулық министірлігінің бас балалар психиатры болды. Қазақстанда психикалық ауру балаларға көмекті жетілдіру ретінде үлкен ұйымдастыру - әдістемелік және консультативтік жұмыс жүргізді. Осы кісінің ұсынысы және қатысуы бойынша 1975 жылы Қарағандыда Совет Одағында бесінші болып жеке балалар психоневрологиялық диспансері ашылды. Республиканың көптеген облыстарында жалпы емханаларда балалар психиатрлары орны тағайындалды. Көп жылдары бойы ауру балаларға, жасөспірімдерге және ересек адамдарға облыстар мен негізгі мекемелерде практикалық көмек көрсетілді.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін психиатриялық көмекке байланысты көптеген нормативтік құжаттарды дайындауға қатысты. «Психиатриялық көмек көрсету кезіндегі азаматтар құқығын қорғау туралы» заңды әзірлеуде белсенді түрде қатысты (1997 ж.), мәжілісте сөз сөйледі.

Отбасымен бірге1982 – 1998 жылдары ССРО ішкі істер министрлігінің психикалық науқастарды міндетті түрде емдейтін арнайы аурухананың орталық психиатриялық коммиссиясының төрағасының орынбасары болды (Ақтас селосы).

1993 – 2002 жылдары Заречныйдағы сотталғандарға арналған Республикалық психиатриялық аурухананың консультанты.

1992 – 1999 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша Республикалық орталық сот – психиатриялық сараптау комиссиясының мүшесі.

Бірнеше жыл бойы дәрігерлерге және сот эксперттарына – жоғарғы категория беру туралы аттестациялық комиссия мүшесі болды.

1963 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Президенті іс басқармасы орталық клиникалық ауруханасының консультанты.

Р. Г. Илешеваның наградалары:

•    «ССРО денсаулық сақтау озаты»,
•    «ҚР денсаулық сақтау озаты»,
•    «Ерен еңбегі үшін» медаль,
•    «Еңбек ардагері»,
•    ССРО денсаулық сақтау министрлігінің,
•    Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігінің,
•    ССРО жоғарғы оқу министрлігінің,
•    қазақ ССР ішкі істер министрлігінің құрмет грамоталары берілді
•    1979 жылы «Қазақ ССР – нің еңбегі сіңген ғылым қайраткері» - деген құрметті атақ берілді.

Отбасы:

Күйеуі – Измаилов Тоқтар Оразай – ұлы,

биологиялық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, 47 жыл Алматы зооветинститутында еңбек етті, 22 жыл физиология кафедрасының меңгерушісі, академиктер Н. О. Базанова мен Ф. М. Мұхамедгалиевтің шәкірті. «Постнатальді онтогенездегі күйіс қайыратын малдың ас қорыту процестерінің кейбір жақтары» деген тақырыпта «1966 жылы Алматыда докторлық диссертация қорғады. 1986 жылы тұңғыш рет қазақ тілінде «Мал физиологиясы» деген атпен оқулық шығарады. Т. О. Измаиловтың ғылыми жетекшілігінің арқасында 16 кандидаттық диссертациялар дайындалып, қорғалды.

Ұлы – Измаилов Нұрлан Тоқтар-ұлы,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консеваториясының фортепияно класын бітірді. Әлемге белгілі пианист Э. Г. Гилельстің бастылығымен аспирантурасын бітірді. Рахманинов атындағы бүкілодақтық конкурс дипломанты. Қазір Астана қаласындағы музыка академиясында кафедра меңгерушісі. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, профессор. Оның көптеген шәкірттері халық аралық және республикалық конкурстарының лауреаттары.

Нұрланның әйелі - Мамбетова Дина,Мерей той

сол академияның доценті, белгілі академик Ахмет Жұбановтың немересі, ССРО халық артистері, мемлекеттік сыйлықтардың иегері Ғазиза Жұбанова мен Әзербайжан Мамбетовтың қызы.

Қызы – Измаилова Нәйлә Тоқтар,

медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрігерлер білімін жетілдіретін Алматы мемлекеттік медицина институтының психиатрия, психотерапия мен наркология кафедрасының меңгерушісі. Бірнеше жыл Қазазстан Республикасының штаттан тыс бас психиатры болды. Оның жетекшілігімен бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды (3) және дайындалып (6) жатыр.

Оның күйеуі – Есимов Болат Кабдуш,

биология ғылымының кандидаты, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің доценті. Докторлық диссертация дайындау үстінде.

Немерелері:

Дина,

П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірді, Мәскеуде тұрады, белгілі Мәскеу мекемелерінде концертмейстер.

Данияр,

Қазақ – Түрік лицейін бітірді, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін біледі. Американың Нью – Йорк штатындағы Рочерс технологиялық институтының студенті.

Дания,

физико – математикалық мектебін тамамдады, қазақша, орысша, ағылшынша біледі. Аль – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механико – математика факультетін бітірді. Американың Нью – Йорк штатындағы Рочерс технологиялық институтының студенті.

Нури,


12 қазақ мектебін тәмәмдады, С.Д. Асфендияров атындағы мемлекеттік ұлттық медициналық университетінің бітірді. Қазақша, орысша, ағылшынша біледі. Дәрігерлер білімін жетілдіретін Алматы мемлекеттік медицина институтының психиатрия, психотерапия мен наркология кафедрасының ассистенті.

Нәби,

С. Д. Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университетінің студенті. Қазақша, орысша, ағылшынша біледі. 12 қазақ гимназиясының түлегі.

Карина,

Астана қаласындағы қазақ ұлттық музыка академиясының фортепияно класы бойынша оқиды. Ақтөбе қаласындағы 2006 жылы өткен 13 жасқа дейінгі халықаралық фестиваль «Классика» пианистер конкурсында бірінші жүлделі орынға ие болып лауреат атанды.