Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Алдашев Ахмет Алдашұлы
Алдашев Ахмет АлдашевичАлдашев Ахмет Алдашұлы, 1937 жылы, 4 қырқүйекте Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысына карайтын Еңбекшілдер ауданының Кішкентай атты ауылында дүниеге келген.

Бастауыш мектепті өз ауылында оқып, одан кейін Степняк қаласында, ал соңғы классты 1954 жылы Ермак (қазіргі Ақсу) селосында (Павлодар облысы) аяқтап, сол жылы Қарағандының медицина институтына түсті. 1960 жылы сол институттың емдеу факультетін тәмәмдады.

Студенттік кезде де қоғами жүмыстарға қатысып жүрді. Курстың комсоргі, қалалық кеңесінің депутаты т.б. т.с.с. қоғами жүмыстарға белсенді қатысты.

Институтты бітіргеннен кейін жүмысты учаскелік дәрігерліктен бастады. 1962-1966 жылдары Қарағанды медицина институтының патологиялық физиология кафедрасында сабақ берді.

1966 жылы белгілі ғалым Я.А. Лазаристің басқарушылығымен – «Су мен түз алмасуы өзгеруінің өкпенің суланып ісіну патогенезіндегі рөлі» - атты тақырыпқа арналған кандидаттық диссертация қорғады.

1966-1973 жылдары Алматыдағы Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының витаминология бөлімін басқарды.

1973 жылы белгілі ғалымдар Т.Ш. Шарманов пен А.А. Покровскийдің басқарушылығымен халықтың тағамының дұрыс қалыптасу түрғысындағы ұсыныстардың физиологиялық және биохимиялық ғылыми дәледемелеріне арналған докторлық диссертация қорғады.

1973-1975жылдары өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директорының ғылыми орынбасары және Алдашев Ахмет АлдашевичРеспубликалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметтерін қоса атқарды.

1975-82 жылдары Тағамтану ғылыми-зерттеу институтының алғашқыда директорының орынбасары, ал 1980-жылдан директоры және сол мекеменің витаминология мен тағам биохимиясы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1982 жылдан қазірге шейін Дәрігерлердің білімін жетілдіру иснтитутында жұмыс атқарып келеді.

1982-2001 жылдары бұл иснтитуттың Ректоры және Гигиена кафедрасының меңгерушісі болды. Бұл жылдары институтымыз бүкіл ССРО-дағы осы типтес мекемелерінің алдыңғы дәрежелі бесеуінің қатарына көтерілді.

Қазір осы институттың – «Гигиена және медициналық экология» кафедрасының меңгерушісі.

Ахмет Алдашұлының ғылыми ізденістері, соған байланысты жарық көрген ғылыми еңбектерім негізінен тағамтану мәселесіне арналған.

Соның ішінде әсіресе екі мәселеге жіті көңіл бөлуге тура келді.

Бірі витаминдердің адам организміне жеткіліксіздігі тек қана олардың тағам қүрамындағы мөлшеріне ғана байланысты емес, тағы да толып жатқан тағами дисбаланс пен басқа да жағдайлардан екені түбегейлі тексеріліп анықталды.

Алдашев Ахмет АлдашевичЕкіншісі түрлі экстремалдық жағдайларда және экологиялық қолайсыздықтарда қалай дұрыс тамақтану жолдарын іздестіріп, үсыныстар берілді.

230 ғылыми еңбектері жарық көрді. Оның ішінде 6 ғылыми монографиялар, 4 оқу құралы және үш көпшілікке арналған ғылыми еңбектер бар.

Әдеби жанрларға арналған 7 кітабы да жарық көрді.

Алыс-жақын шет елдерде 16 ғылыми мақалаларым әр-түрлі басылымдарда шықты.

Германия, Иран, Туркия, Югославия, Болгария т.б. елдерде ғылыми конференцияларда баяндамалар жасауға тура келді.

Алдашев Ахмет Алдашұлы жетекшілігімен 17 кандидаттық және 8 докторлық диссертациялар қорғалды.

Әр жылдары әр - түрлі қоғами жүмыстарға белсенді қатысты.

Республикалық «Білім» қоғамының президиум мүшесі және медицина секциясының басқарушысы, «Қазақ ұлттық энциклопедиясының» медицина жөніндегі кеңесшілер тобының басқарушысы, Алматы қалалық маслихатының депутаты және ең бірінші сессиясының төрағасы, Алматы қаласының салауаттылық қоғамының төрағасы т.б. с.с. қызметтерді атқарды.

Қазір Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары Ассоцияциясының вице-президенті.

Бүкілодақтық «Білім» қоғамының қүрмет кітабына жазылып, оның медалімен марапатталды.

Ахмет Алдашұлы 1998 жылы - «Парасат», 1988 жылы - «Знак почета» ордендерімен және әр жылдары 4 медальдармен марапатталған.

Қазақстан Республикасының «мемлекеттік силығының» иегері, «Ғылымға еңбек сіңірген қайраткер» атағы бар, профилактикалық медицина Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Жүбайы - Роза Ахметжанқызы,

1937 жылы туған, инженер-энергетик. Қазір демалыста.

Бес қызы бар:

Жаннат,

медицина ғылымдарының кандидаты, терапевт, доцент.

Ләззат,

биология ғылымдарының кандидаты, менеджер.

Майя,

медицина ғылымдарының докторы, профессор, стоматолог.Отбасымен

Нәйлә,

медицина ғылымдарының кандидаты, окулист.

Әлиә,

Менеджер.

8 немересі бар.

Хоббилері:

  • Домбыраға қосып қазақтың халық әндерін айтуды жақсы көреді. Әсіресе

  • Арқаның әндерін, соның ішінде Біржан-салдың, Ақан-серінің, Сегіз серінің әндерін жиын-тойларда айтады.

  • Өлең жазады.

  • Биллиард ойнайды.


Ахмет Алдашұлының бүкіл еңбек жолы негізгі екі мәселеге арналды.

Бірі, ол елімізде тағамтану ғылымының ірге тасын қаласуға және оның қарқынды дамуына ат салысты. Соның нәтижесінде біраз халық денсаулығын жақсартуға бағытталған ұсыныстар жасады.

Ал, екіншісі, ол дәрігер мамандығының үнемі білімін жетілдіру мәселесінің дәреже-тұғырын көтеруге тиісті үлесін қосты деп айтуға толық хұқығы бар.