Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Дәулетбаев Дамир Абайділдәұлы
Дәулетбаев Дамир Абайділдәұлы 1964 жылы Қызылорда қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң, 1981 жылы Ақтөбе мемлекеттік институтына түсіп, 1987 жылы дәрігер – педиатр мамандығы бойынша бітірді.

1987-1988 жж. Қызылорда облыстық ауруханасында балалар хирургиясы бойынша интернатурадан өтті.

1988-1991 жж. Анестезиология және реаниматология бөлімінде реаниматолог – анестезиолог дәрігер, әрі Қызылорда облыстық ауруханасында 0,5 ставкада хирург болып жұмыс атқарды.

1991-1993 жж. Қызылорда облыстық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды.

1997-1999 жж. А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталықтың күндізгі бөлім доторантурасында өңеш, асқазан және көкірек аралық хирургия бөлімінде оқыды.

1999-2003 жж. Қызылордада облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды.

2003-2005 жж. Қызылорда облыстық медициналық орталығының директоры болды.

2005-2006 жж. Қазақстан медицина университетінде ғылыми кеңесші болып қызмет атқарды.

2006-2008 жж. А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталығының өңеш, асқазан және көкірек аралық хирургия бөлімінде бас ғылыми қызметкер болған.

2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы медицина колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.

1995 жылы 14.00.27-хирургия мамандығы бойынша «Жараның орналасуына қарай асқазанның шырышты қабатының клинико-морфологиялық өзгерістері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2002 жылы 14.00.27-хирургия мамандығы бойынша «Гастро-эзофагеалдық рефлюкстік аурудың диагностикасы мен хирургиялық емі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

1 монография, 72 басылымдық жұмыс, 9 жаңашыл өнер табысы басылып шықты. Менің жетекшілігіммен 4 кандитаттық диссертация қорғалды.

Мәскеуде, Ленинградта, Жапонияда, Германияда мамандану курстарын өтті.

2003-2007 жж. Қызылорда облыстық маслихатының депутаты болып сайландым, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болдым.

«Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне белгісімен СССР ОК ДЖЛКЖО «Оқу ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Үйленгенмін, 3 бала 2 немере тәрбиелеп жатырмын.