Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Алматы медицина колледжі
Алматы медицина училищесі 12.03.1981 ж. Қаз ССР Денсаулық сақтау министрлігінің № 141 бұйрығымен орта медицина қызметкерлерін дайындау үшін 1981 жылы ашылды.

Оқу үрдісі:

•    фельдшерлік,
•    медбикелік,
•    акушерлік үш бөлімде жүргізіледі.

Оқыту күндізгі және кешкі бөлімде жүргізіледі. Училищеде мамандар тек Алматы қаласы мен Алматы облысының емдеу-алдын алу мекемелері үшін ғана емес, барлық республика үшін дайындалды. Училище ұжымы орта оқу орындарының жүйесіндегі алдыңғы қатарлы тәжірибесін қолдана отырып, оқу үрдісін жетілдіруге, әрі оқыту әдістері мен тәрбие жұмысына өзіндік үлесін қосты. Училище ұжымы қол жеткен жетістіктері үшін бірнеше рет ССРО Денсаулық сақтау министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

1987,1989 жылдары Алматы қалалық медицина училищесі 720 орта медициналық оқу орындары, ССРО 80 жоғарғы оқу орындарымен 20 дәрігерлер білімін жетілдіру институттары арасында үшінші, екінші орындарды иеленіп отырды.

Училищенің, кейін колледждің бірінші директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау үздігі, әлеуметтік медицина мен денсаулық сақтау бойынша ДЖДСҰ маманы, «Sigma Theta Tau» халықаралық медбикелік ұйымының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы Аяпов Қалқаман Аяпұлы болды. Оның басшылығымен 1992 жылы Алматы қалалық медициналық училищесі республикада бірінші болып колледжге өзгертілді.

Аяпов Қ.А. Қазақстан мен Орталық азияда жоғарғы медициналық білім беруді ұйымдастырудың үлгісін тәжірибеге енгізді. Колледждің оқу үрдісінде 1994-2004 жыл аралығында жоғарғы медициналық білім алатын медбике дайындаудың қазіргі заманғы деңгейлі жүйесін дайындап, енгізді. Колледж ұжымы колледж түлектеріне оқытушылық, ұйымдастырушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға мүмкіндік беретін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындап, осы жүйе бойынша колледж республиканың медициналық колледждерінде медбике ісі пәнінен оқытушы, Алматы қаласы және Алматы облысының әртүрлі емдеу-алдын алу мекемелерінде аға және бас медбике болып жұмыс істеп жатқан 4000-нан астам түлектер шығарды.

Колледж екі рет американдық әріптестермен (1994-2004) «Туссон - Алматы», «Миннесота - Алматы» (АҚШ) ынтымақтастық қатынаста болды. Ынтымақтастық нәтижеде ұжымның 15 мүшесі шетелде білім жетілдірді, АҚШ, Израилден медбике ісі мамандарын шақырып курстар өткізілді, оқу-ақпараттық орталық ашылды, интернет жүйесіне қосылып, 2007 ж. дейін Интернет жүйесі тегін қолданылды.
2006-2008 жылдары колледжді медицина ғылымдарының кандидаты Сейдуманов Сұлтан Тұрарұлы басқарды. Колледж ұжымы оқу үрдісін жетілдіру,оқу-әдістемелік қамтылуды жақсарту жұмыстарымен айналысты.

Қазіргі таңда колледж директоры, м.ғ.д. Д.А. Дәулетбаевтың басшылығымен оқу, әдістемелік, ұйымдастырушылық жұмысын 52 штаттағы оқытушылар, оның 3-еуі медицина ғылымдарының докторы, 2-еуі медицина ғылымдарының кандидаты, 1- педагогика ғылымдарының кандидаты және 23 жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар жүргізеді. Колледжде тәжірибелі оқытушы-профессорлар құрамы басқаратын 9 циклдік әдістемелік кимиссия (ЦӘК) жұмыс істейді:

•    «Медбике ісі» ЦӘК – төрағасы М.А.Абабкова;
•    «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ЦӘК – төрағасы К.И. Асқарова;
•    «Жалпы мамандық пәндер» ЦӘК – төрағасыМ.С.Қарбаева;
•    «Анатомия» ЦӘК – төрағасы С.Г.Маштахова;
•    «Акушерия және гинекологиядағы медбике ісі» ЦӘК – төрағасыГ.Н. Қазова;
•    «Терапиядағы медбике ісі» ЦӘК– төрағасы А.Ғ.Сейітқожанова;
•    «Хирургиядағы медбике ісі» ЦӘК – төрағасым.ғ.д, профессор С.И.Игісінов;
•    «Педиатриядағы медбике ісі» ЦӘК –төрағасы м.ғ.д, профессор Ж.Ғ. Тезекбаева;
•    «Санаулы мамандықтардағы медбике ісі» ЦӘК – төрағасы К.Ж.Исмағұлова;

Колледждің басты бағыттары:

•    Оқу-әдістемелік үрдісті жетілдіру;
•    Материалды-техникалық және ақпаратты-коммуникациялық қамтамасыз етілуін жақсарту;
•    Медициналық, білім беру және емдеу мекемелерімен байланыс;
•    Руханилық, азаматтылық және құлықтылыққа тәрбиелеу;
•    Өмірге деген белсенді көзқарасты қалыптастыру;
•    Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Колледж жоғары білікті мамандар дайындау үшін қажеттіліктердің барлығымен: жарық әрі кең дірісханалармен, үлкен мәжіліс залымен, бүкіл әлемдік «Интернет» жүйесіне қосылған оқу-ақпараттық орталық, компьютерлік, мультимедиялық сыныптар, электрондық оқу залы бар кітапхана, қазіргі заманғы видео-аппаратуралармен жабдықталған техникалық құралдар кабинетімен қамтыльған.

Колледждің оқу процесінде қазіргі заманғы инновациялық технологиялар кеңінен қолданылады. Осындай мақсатта электронды оқулықтар, аудио-видео, мультимедия дәрістер белсенді қолданылады. Оқытудың дәстүрлі емес, құрылымдық формалары, студенттердің білімін бақылаудың түрлі формалары кең пайдаланылады. Тәжірибелік және теориялық сабақтарда оқытудың интерактивті әдістері (кіші топтардағы жұмыс, клиникалық ситуацияны талдау, ынтымақтастығы оқыту және т.б.) қолданылады. Колледж оқытушылар компьютерді, LCD проекторларын басқа да оқыту құралдарын пайдаланып, сабақ өткізудің әдістерін дайындап енгізуде.2009 жылдан бері колледжде интерактивті тақтаны ауыстыратын EIKI LC-XIP 2000 интерактивті проектор қолданылады. Бұл осы күндері ешқандай аналогы жоқ және білім беру жүйесіне арнап жасалған жаңа модель. Қаржылық тиімділігімен қатар интерактивті проектордың бірнеше артықшылықтары да бар.

Республикалық құқықтық ақпараттық орталықпен келісім-шарт негізінде «Заң» деректер жинағы базасы орнатылды, бұл құқықтық жүйеде ЦӘК пен әкімшілік жұмысын біршама жақсартты, сондай-ақ «Фармакология» пәнін оқып үйренуде оқушылардың оқыту сапасын көтеру және клиникалық пәндерді оқуда дәрілік заттарды қолдана білу үшін «ҚР дәрілік заттар регистрі» бағдарламасы орнатылды. Колледж әкімшілігін, оқытушылар мен оқушыларды құқықтық және кеңес беру ақпараттарымен қамтамасыз ететін және басқару шешімдерін қабылдау процесін, оқу процесін нәтижелі етуді әлдеқайда жылдамдататын «Параграф» ақпараттық жүйесі негізінде «Медицина» кәсіптік ақпараттандыру деректер жинағы орнатылды.
Медбике ісіндегі жаңа технологияларға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер медбикелік анализді құрастыру мен олар туралы мәлімет жинау әдістерін, медико – әлеуметтік көмекті жоспарлауды, медбикелік диагноз қоюды тиянақты түрде үйренеді.

Оқу-тәрбие жұмысы тұлғаның даму үйлесіміне, гуманизм мен мейірімділікті қалыптастыруға, тәртіп пен патриотизм сезімін өздігінен сезінуге бағытталған. Колледж студенттері дәрісханалық емес тәрбие жұмыстарын, қалалық жаппай мәдени акцияларды, спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысып, салауатты өмір салты мен мәдени тұрмысты белсенді насихаттаушы болып табылады.

2008 жылдың 25 қарашасында Алматы қаласында медбике ісі мәселелерін талдауды, медбикелерді дайындау мәселелерін, ЕАҰ мен жұмыс орындарына бекіту, біліктілікті көтеру мәселелерін мақсат еткен «Білім, инновация және тәжірибе дамуындағы медбике ісі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

2009 жылдың 12-наурызында Алматы қаласы мен Алматы облысы колледждерінің қатысуымен «Медбикелік зерттеулер» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

3 курс студенті Қосымова Айгүл (жетекшісі Шерланова Ш.А.) 12.05.2009 жылы Талдықорған қаласында мебдикелер күніне орай өткен Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда 1-орынды иеленді.

Медбикелердің кәсіби деңгейін жетілдіру, қала тұрғындарына медбикелік көмек көрсету сапасын жақсарту, Алматы қ. емдеу-алдын алу мекемелеріндегі үздік медбикені анықтау, медбике мамандығының деңгейін көтеру мақсатында«Алматы 2009 жылғы үздік медбике» байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауға 54 ЕАҰ-нан 106 медбике қатысып, финалға 9 орта буынды медицина мамандары шықты, олардың 6-уы біздің колледж түлектері болды.
Қаланың және оның аймақтарының ЕАҰ орта медициналық қызметкерлерінің кәсіби білімі, іскерлігі мен машықтарын жетілдіру және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігіне деген талаптардың өсуіне байланысты Алматы медицина колледжінде дипломнан кейінгі білім беру Орталығы ашылды.

Білім беру парадигмасының өзгеруін есепке ала отырып, «оқу-оқып үйрену», «өзіндік даму» және «өмір бойы оқып үйрену» сияқты қанатты сөздермен құзырлы маман дайындау үшін біз 08.01.2009 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының кәсіптік және техникалық білім беру ҒЗИ колледждің оқу үрдісіне және дипломнан кейінгі білім беру орталығына модульді-кредиттік технологияларды енгізу бойынша ғылыми зерттеулер туралы №14 келісімге қол қойды.

Алматы қ. 2009-2012 жж арналған медбике ісін дамыту Бағдарламасы және 2008-2012 жж арналған колледждің даму Бағдарламасы жасалып, бекітуге дайын тұр.

Колледждің педагогикалық ұжымы мамандар дайындауда білім жетілдірудің әдістерін үнемі іздену үстінде. Авторлық жұмыс бағдарламаларын, білімін, манипуляциялық техника бойынша оқу старндарттарының білімін, іскерлігі менмашықтарын бақылау жинақтарын, медициналық көмек пациенттерге күтім алгоритмдерін, әртүрлі оқыту құралдарын дайындауды жүйелі жүргізіп келеді, әрі еңбектер тек Алматы медицина колледжінің оқу процесінде емес, бүкіл Республика медициналық колледжінің оқу үрдісінде пайдаланылады.