Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Бейсенбаева Шолпан Асылбекқызы
Бейсенбаева Шолпан АсылбекқызыМұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді, ал басшы тәжірибесі бүкіл мектептің имиджін құрайды.

Бірнеше жыл бұрын М.Х.Дулати атындағы №8 гимназияның директоры болып Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Бейсенбаева Шолпан Асылбекқызы тағайындалып еді. Оның практикалық тәжірибесі өте мол, өз ісіне жан-тәнімен берілген, бәрінен де құндылығы өз мектебі үшін, өз ұжымы үшін барын да нарын да салады. Білім жүйесінде өте сауатты, жан-жақты басшылар көптеп саналады. Солардың бірі – Бейсенбаева Ш.А.

«1972 жылы Алматы қаласындағы №56 мектепте физика-математикалық мектеп ашылады. Әрине, бала кезімнен математиканы жақсы көрген мен осы мектептің 8 сыныбына түсемін. Бір жылдан соң мектеп жаңа «Республикалық физика – математикалық мектебі» мәртебесін алады.

Қазір Ө.Жәутіков атындағы РСФМСШИ ФФМШ-ны бітірген  соң 1974 жылы ҚазМУ-дің механикалық-математикалық факультетіне түстім, қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, математика мамандығы бойынша , - деп еске алады. Шолпан Асылбекқызы.

Егер сен жұмысқа қуанышпен барып, үйіңе қуанышты қайтсаң, сол бақыттың ең қарапайым формуласы  - дейді ғой. Осыған орай, мен бақыттымын. Маған мінездеме «нағыз мұғалім» деседі. Шынында да, мұғалім мамандығына мен өте бейімделгенмін., мені ешқашан оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін дегенсұрақ мазалаған емес. Әркім бір мамандыққа, ыңғайланады, ал біздің педагогикалық гендеріміз ата-бабаларымыздан мұра болып қалған. Әкем , анам, әпкелерім, жезделерім, туыс әпкелерім, інілерім – бәрі оқытушылар. «Біз – тұтас мұғалімдер династиясымыз» десек болады, педагогикалық еңбек жолымыз 300 жылдан аса  уақытты құрайды. Бұл дәйек менің мамандық таңдаудағы алғашқы жетістігімнің бірі болды және тек қана осы жерде, балаларға тәрбие, білім беру арқылы  қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламын деген нық сенім берді.

ҚазМУ – ды бітірген соң мен Шымкент қаласына қайтып келіп, мектепте математика пәнінен дәріс бере бастадым. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, түсініктерін арттыру үшін маған қайтадан оқуға тура келді.Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: басқаларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың  керек, басқаларға тәрбие беру ішін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, басқаларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуың қажет.

Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуің керек.

Мен өзіме сабақ бола алатын ұстаздарды көруге тырысамын, бұл маған күш береді және кемеңгер етеді.

Мектептегі балалардың көпшілігінде базалық білім бойынша қиындықтары бар. Бұл қиындықтарды оқытудың дұрыс жолдарын таба отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білімді жинақтай отырып жеңуге болады. Мектептегі балаларды оқыту барысында мен өзімнің принциптік педагогикалық жаңалығымды аштым: оқуға үйрету, қызығушылықты арттыру. Ал бұл тек сен өз пәніңе шын беріліп, білім беруде одан ләззат ала алсаң ғана мүмкін.

Әр педагогтың өмірінде өз жұмысының нәтижесін көргісі келетін сәт туады, бірақ.... тәрбие беруде ешқашан нәтижеге бірден жете алмайсың, жылдамдылыққа үйрену қажет, сонда ғана нәтижеге жетесің.
Менің өз жұмысымда бөліп айтар екі принципім бар. Өз көз-қарасым бойынша, бұл принциптердің маңыздылығы зор. Оның бірі ешқандай қабілеті, дарыны жоқ балаларды дамытудың мәні бар ма деген ойлардан туды. Мүмкін тек дарынды балаларға ғана уақыт жұмсау керек шығар?! Дарын, дарындылық, даналықты қалай байқай аламыз? Өмір бойы ештеңеге қажетсіз, пайдасыз деп келген баланың дарынын қалай таба аламыз? Бұл жерде мұғалімнің «дарынсыз бала болмайды, әр бала әйтеуір бір сала бойынша қабілетті және дарынды » деген нақты ойы құтқарады.

Бұл тұжырым әр адамның жасырынып жатқан қасиеттерін ашуға, адамның өзін-өзі қадірлеуіне көмектеседі.

«Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Балалармен жұмыста қандай жат қылықтар істесең, ол ерте ме кеш пе бәрібір анықталады. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы  керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек.

Жетістікті қалай өлшей аламыз?

Ішкі жағдайлармен өлшей аламыз: адамдардың құрмет сүйіспеншілігіне  бөлену, мектепті басқару, материалдық сәттілік. Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі. Басшының табыстары көбінесе гимназияның барлық мұғалімдерінің қолдауымен жүргізіліп отырған ортақ іске байланысты. Менің ұстанымдарымды, педагогикалық өмірдегі жетекшілік жағдайымды табыс формуласы деуге болады.

Қорыта келе, табысқа жетудің мынадай формулаларын көрсетуге болады: Педагог болуды қалау, еліктеуге болатындай идеал болу, гимназиядағы жұмыс өзін-өзі іске асыратын орын, педагогикалық шеберліктің ұстанымдарын сезіну, мақсаты бірдей п едагогтар ұжымы. Мұның барлығы менің табыстарымның алхимиясын құрайды. Бұл формула әлі біткен жоқ....  ».

«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң  - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір қасиетімді жоғалтпау, ар – ұжданға жат істерге бармау.

Жұмысқа уақыт табыңыздар, бұл – табыс шарты.
Ойлануға уақыт табыңыздар, бұл – күштің қайнар көзі.
Ойынға уақыт табыңыздар, бұл – жастықтың құпиясы.
Оқуға уақыт табыңыздар, бұл -  білімнің негізі.
Достыққа уақыт табыңыздар, бұл -  бақыттың шарты.
Арманға уақыт табыңыздар, бұл -  жұлдыздарға жол көрсетеді.
Махаббатқа уақыт табыңыздар, бұл  - өмірдің орындалған қуанышы.
Көңіл көтеруге уақыт табаңыздар, бұл – жанның рахаты.