Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (ББЖ КБАРИ)
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (ББЖ КБАРИ)Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының (ББЖ КБАРИ) қызмет атқарғанына 40 жылдан артық уақыт болды. Құрамында ғылым докторлары, кандидаттар, әдіскерлер, Қазақстан Республикасының білім берудегі үздіктері, педагог-оқытушылары бар қалыптасқан педагогикалық ұжым ББЖ КБАРИ-ның қазіргі келбеті. Институт қызметінің басты көздегені басшы және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, білім беру саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру.

ББЖ КБАРИ миссиясы:

облыстық, аудандық әдістемелік ұйымдарының жергілікті әдістемелік қызметінің социумдар қажеттілігі негізінде құрылған жалпы білім беру жүйесін құруға ықпал ету.

ББЖ КБАРИ –ның мақсаттары:

•    Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік білім беру қызыметкерлерін қайта дайындау мен біліктілігін арттыру сапасын ұйымдастырумен қамтамасыз ету;
•    басқару және педагогикалық қызыметкерлердің кәсіптік құзыреттілігін жетілдіру;
•    кадрларды қайта дайындау мен олардың біліктілігін артырудағы қажеттілік мониторингісі және тиімділік сараптамасы.Баймолдаев Тұрсынбек Молдахметұлы

Республикалық институт өзіне 14 облыстық және Астана, Алматы қалаларындағы педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институттарын, бес біліктілікті арттыру орталықтарын қамтыған Қазақстан Республикасы біліктілікті арттыру жүйесінің басты мекемесі болып табылады.

ББЖ КБАРИ құрылымының даму динамикасы:

•    1958 - 60 жылдары Орталық мұғалімдерді жетілдіру институтының құрылуы мен қалыптасуы; ғылымдар негізін оқыту жағдайын зерттеу, Қазақстан мектептеріндегі Целиноград қаласындағы тәрбиелік жұмыс;
•    1965 жылдың 22-ші қазанында Орталық өлкелік мұғалімдерді жетілдіру институты болып қайта құрылды.
•    1965 жылдың 18- ші желтоқсанында институт Алматыға көшірілді.
•    1965 - 1976 жылдар әдістемелік жұмыс жүйесінің қалыптасуы: ғылыми-әдістемелік орталық ретінде институттың қалыптасуы, жаңа оқыту бағдарламаларына көшуге байланысты әдістемелік қызмет рөлін қарқындандыру, мектепішілік бақылау мен басқару жүйесін қалыптастыру, оқу- тәрбие жұмысн оптимизациялау тұжырымдамасын меңгеру - директор Құдасов Құрманғали Хасанұлы.
•    1976 - 1987 жылдар психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша педагогикалық кадрларды қайта дайындаудың теориялық деңгейін арттыру; институттың оқу-материалдық базасын нығайту; 75 орынды санаторий-профилакторий ашу; үздік педагогикалық тәжірибені тарату және біріктіру бойынша жұмыс көлемін көтеру; Қазақстан үздік педагогикалық тәжірибесін КСРО ХШЖК мен Қазақ ССР ХШЖК-не апару –директор Гусев Леонид Иванович.
•     1987-1997 жылдар мезгілдіктен үздіксіз білім беруге көшу; ЮНЕСКО білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттары қауымдастығының мүшелік дәрежесін алу; ғылыми-әдістемелік кешен және этнопедагогика мен этнопсихология зертханасын құру; ақпараттық-әдістемелік орталығын ашу; кәсіптік-техникалық білім беру кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық орталығының ОМЖИ-на қосылу – директор Лебедева Наталья Алексеевна.
•    1997-2007 ж.ж. Орталық институт Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ КБАРИ) болып атын өзгертті; ақпарат және есептеу техникасы кабинеті жабдықталды; Азия Даму Банк несиесін толық жүзеге асыру; ББЖ КБАРИ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін үйлестіруші дәрежесін алу-директор Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы.

ББЖ КБАРИ-ы іс-әрекетінің мақсаттары:

•    Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік білім беру қызметкерлерін қайта дайындау мен біліктілігін арттыру сапасын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
•    басқару және педагогикалық қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігін жетілдіру;
•    кадрларды қайта дайындау мен біліктілігін арттыру жүйесіндегі кәсіби қажеттілік мониторингісі және білім беру қызметінің тиімді нәтижесі.

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (ББЖ КБАРИ)Республикалық институт өзіне 14 облыстық және екі Астана, Алматы қалаларындағы педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институттарын қамтыған Қазақстан Республикасы біліктілікті арттыру жүйесінің басты мекемесі болып табылады.

Институт басшылығы:

•    Баймолдаев Тұрсынбек Молдаханұлы – институт директоры, педагогика ғылымының кандидаты, ББЖ КБАРИ профессоры.
•    Жайтапова Алтынай Әлібекқызы - оқу-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
•    Семченко Александр Александрович – ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, ББЖ КБАРИ профессоры, Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА корреспондент мүшесі.
•    Дорожкина Любовь Анатольевна - тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, ББЖ КБАРИ доценті.
•    Маханов Рахат Бисенғалиұлы - директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары.

ББЖ КБАРИ Ғылыми Кеңесі ұлттық білім беру жүйесін жаңашалаудағы институт даму траекториясын анықтайтын басты құрылымдық бөлімдерге қызмет етеді.

Ғылыми кеңес іс-әрекетінің басты бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі қызметкерлерін қайта дайындау мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мен ұйымдастыру болып табылады. Курс шаралары мазмұнын үйлестіруді жетілдіру мақсатында институт Ғылыми кеңесі барлық бағыттағы біліктілікті арттыру курс бағдарламаларының құрылымы бойынша біріккен инварианттық үлгісін жасап бекітті.

Институт құрылымы:

4 кафедра (білім беру сапасы мен мазмұны; білімді басқарудың ғылыми негіздері, коррекциялық педагогика және психология; жеке тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру), 10 кабинет (орта білім менеджменті, білім мазмұны, тілдерді дамыту; кәсіптік білім беру, ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту, интернаттық және арнаулы білім ұйымдары, тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың жұмысы бойынша, ақпараттық-әдістемелік, БББ ресурстық кабинеті, білім беруді дамыту тарихы (мұражай); сараптау-баспа кабинеті;) педагогикалық технология зертханасы, кітапхана институт қызметіндегі ғылыми - зерттеу және әдістемелік қызметтерінің оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің жаңа білім беру саясаты рухани дамуды терең ұғынудағы ойлау мәдениетін және адам құндылықтарының жүйесін Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (ББЖ КБАРИ)қалыптастыруға бағытталған. Осыған байланысты қазіргі ғылыми болжам түралы, адамның даму заңдылықтары туралы, білім беру жүйесіндегі адамдар арасындағы және сол білім жүйесінің қоғаммен ара байланысының үлгісі туралы теориялық білімдер курстарда қаралатын негізгі мәселелер болып табылады. Кафедралар оқытушы-профессор құрамының ғылыми-зерттеу іс-әрекеті осы мәселелерді терең зерттеуге және оқу-әдістемелік құралдарын жасауға білім беру мекемелерінде тәжірибелік-сараптау жұмысын жүргізуге бағытталған.
Кафедраларда 30 оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде: «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісін алғаны - 8, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» - 18, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» - 18, «Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамытудағы еңбегі үшін» - 1.

Республикалық институт көптеген халықаралық білім беру ұйымдарымен әріптес: ЮНЕСКО, Бейбітшілік корпусы, «Қызыл крест және Қызыл жартыай», ЮНИСЕФ, ТАММЕС Антропосов орталығы, КАТЕV Халықаралық қоры, Дарын, РЦИО, КАТЕЛКО, «Просвещение», «Дрофа» баспасы, Макмиллан білім беру орталығы, «Microft office Қазақстан» компаниясымен, «GTF» Германия коғамдастығымен техникалық ынтымақтастықта, Минскдегі педагог кадрлардың облыстық біліктілікті арттыру институтымен, Украинадағы білім берудегі менеджмент университетімен.