Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
А.Мәлкеев атындағы Есік қазақ-түрік лицей-интернаты
А.Мәлкеев  атындағы Есік қазақ-түрік лицей-интернаты А.Мәлкеев  атындағы Есік қазақ-түрік лицей-интернаты өз жұмысын «Қазақстан Республикасының Конститутциясы», «Білім туралы заңы» және білім туралы мемлекеттік стандартқа сәйкес жоспарлап, жүйелі түрде жүргізіп отыр. Бүгінгі күні білімге қойылатын  басты талап-ол білім сапасы. Лицей ұжымы өзінің оқушыларға сапалы білім, үлгілі тәрбие беру жолындағы жоспарлы жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

Лицейде  оқу жылының басында  227 оқушы, 23 ұстаз  болса,  І-ші  жартыжылдықтың   соңында 230  оқушы болды.

Қазақстан  тарапынан  лицейде  -15 ұстаз болса,  8 - мұғалім   Түркия  мемлекетінің  азаматтары.

Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтің  айтуы  бойынша  Қазақстанда   үш тілді  білім  беру жүйесі   жөнінде   қазақ тілі  мемлекеттік тіл, орыс  тілі – ұлттар  арасындағы  байланыс тілі, ағылшын тілі – дүниежүзілік  қауымдастыққа  кіру  мақсатында  болғандықтан    лицейімізде  7-8 сыныптарында   барлық  пәндер  ағылшын   тілінде  өтеді.

Оқушылардың білім  сапасын  анықтау  мақсатында   пән  иелері  жоспарлаған сынақтар мен қатар,  әр тоқсанда  негізгі  пәндерден  орталықтандырылған  тест  сынақтары  алынады.  Тест  нәтижелері  басқа  қалалардағы қазақ-түрік лицейлеріндегі  білім сапасын  салыстырмалы  түрде  тексеріліп,  талдаудан  өтеді.Олимпиада жеңімпаздары

Лицейде  домбыра үйірмесі,  спорттық үйірмелер соның ішінде: футбол, волейбол үйірмелері, ағылшын тілі  клубы,  информатика  клубы оқушыларға  қызмет көрсетеді.

Лицей директорларының тарихына үңелетін болсақ, ең алғашқы  директор - Мурат Вар. Ол 1994-1998 оқу жылдары арасында лицей директоры болып жұмыс істеді.

Екінші директор - Селахаттин  Шахин. 1998 жылдан бастап 2000 жылға дейін жұмыс атқарды.

Үшінші директор - Орхан Өзгүл 2000 жылдан 2005 жылға дейін.

Бейзада Йетимакман  2005-2006 жылға дейін директор қызметін атқарды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі2007-2008 оқу жылының директоры Осман Бозташ мырза болды.

Қазіргі уақытта лицей директоры Қашқабаев Қазбек Абдусадыұлы.

Лицейдің жас мұғалімдері   әр тоқсан сайын тәжірибе алмасу мақсатында  өткізілетін семинарға қатысады, бұрыннан бері  істеп келе жатқан  мұғалімдер үшін жылына  1 рет семинар  өткізіледі.  Бұл семинарларда ұстаздар өзекті мәселелерді шешу жолдарын, жылдық жоспарын қарастырады.

Жазғы демалыс  уақытында  лицей директорының ұсынысы бойынша , тәрбиешілер «KATEV» тарапынан өткізілетін семинарға қатысып , өз біліктілігін   арттырады.
Семинар қорытындысы бойынша оларға сертификат беріледі.

Жылына 1 рет мұғалімдер үшін емтихан   өткізіледі. Осылай бүкіл қазақ-түрік лицейлерінің ең үздік мұғалімдері анықталып, сый-сияпат   көрсетіледі. Лицейге  мұғалімдер емтихан, конкурс негізінде алынады.

Айына 1 рет «КАТЕV» 11 сыныпқа,  әр тоқсан сайын 7, 8, 9, 10 сыныптарға  БТС (біріңғай тестілеу сынағын)   өткізеді. Әр апта сайын 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға  дайындық курстары өткізіледі. Курстар қазақ, орыс тілдерінен, физика, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен жүргізіледі.Лицей оқушылары

Лицейде 9 ұлттардан құралған оқушылар оқуда:  қазақ – 187,  түрік -14, ұйғыр -14, азербайжан -1, орыс – 8,  чечен -2,  украйн-1, поляк-1,  қырғыз-1.

Облыстық, қалалық және республикалық олимпиадаларда лицей оқушылары зор зетістіктерге қол жеткізді.