Халықаралық Валюталық қор және Халықаралық Қайта құрылым және даму банкі
1945 жылдың 27 желтоқсанында Халықаралық Валюталық қор және Халықаралық Қайта құрылым және даму банкі құрылды. ХҚДБ Банктің мемлекет мүшелерінің экономикалық дамуын қолдайтын халықаралық қаржы ұйымы ретінде ойластырылды.

Қазақстан 1992 жылдың шілде айында ХҚДБ мүшесі болды. Бүкіләлемдік банктің Қазақстанға ғана берген кредиті 2002 жылы 1.89 млрд. АҚШ долл. құрады. Бүкіләлемдік банк тобы Қазақстанды сырттай қаржыландыратын ірі көздердің бірі болып табылады.