Халықаралық биологиялық алуан түрлілік күні
29 желтоқсан -Халықаралық биологиялық алуан түрлілік күні.

1993 жылы 29 желтоқсанда Биологиялық алуан түрлілік туралы Конвенция күшіне енген болатын. Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды. Қазақстанның экожүйесі ерекше. Мемлекет аумағында өсетін өсімдіктің 500-ге жуық түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Республикада 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі туралы концепцияция қабылданған. Биоалуан түрлілікті сақтап қалудың тиімді шарасы ерекше күзетілетін табиғи аумақтар құру болып табылады.

Қазақстанда оның аумағы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9 пайызын құрайды. Экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бұл жеткіліксіз. Әлемдік стандарт - 10 пайыз. Дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды 17,5 млн. гектарға дейін арттыру көзделген.