Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Теміртау
ТемиртауТеміртау - Қарағанды облысында орналасқан Қазақстан қаласы, Қарағандының жолсерік қаласы болып табылады.

1988 жылдың 20 шілдесінен бастап қала Ақтау қаласын басқарады.

Қаланың атауы қазақ тілінде «Темір тау» деген мағынаны білдіреді. Қаланың бұдан басқа танымал атауы - «Қазақстан магниті». Екі атауы да қаланы құрудағы басты элемент - Қазақстандағы (әлемдегі ең ірі қалалардың бірі) толық айналымды ірі металлургиялық өндіріс екендігін білдіреді.

Қаланың қысқаша тарихы:

  • 1905ж. 15 маусым - жер аударылғандардың (Столыпин реформасын қараңыз) алғашқы тобы Нұра өзенінің солтүстік жағалауынан қоныс тепті. Бұл Самарадан келген 40 отбасы болатын. Бұл қоныс қарама-қарсы жағалаудағы шоқы атауына байланысты Жауыр деген атауға ие болды.

  • 1909ж. - Жауыр ауылы Самарқанд болып өзгерді.

  • 1911ж. - алғашқы мектеп пен аурухана салынды.

  • 1933ж. - Қарағанды көмір бассейнін дамытуды қамтамасыз ететін Самарқанд-Қарағанды суарнасы құрылды.

  • 1939ж. - Нұра өзенінде бөген салынды (биіктігі 20 метр, ені 300 метр). 1961 жылға дейін созылған жаңа салынған Самарқанд су қоймасын толтыру басталды.

  • 1942ж. - Қарағанды МАЭС-інің алғашқы құбыры салынды. МАЭС ғимаратының құрылысы 1934 жылы басталды.

  • 1943ж. - синтетикалық каучук зауыты іске қосылды..

  • 1944ж. - салынып жатқан қазақ металлургиялық зауыты алғашқы болат өндірді. Мартен пешінде балқытылды.

  • 1945ж., 1 қазан - Самарқанд ауылы қала мәртебесіне ие болып, Теміртау деген атау алды.

  • 1947-1949жж. - қалаға жақын жерде салынған лагерьде жапон әскери тұтқындары болды.

  • 1950ж. - Қарағанды металлургиялық комбинаты салынды (ҚарМетКомбинат, ҚМК). КСРО үкіметі Бүкілодақтық екпінді құрылыстың басталғанын жариялады, қалаға Кеңес Одағының барлық жерінен, тіпті одақтас елдерден де (негізінен Болгариядан) көптеген екпінді жастар отрядтары келе бастады.

  • 1959ж. - әкімшіліктің тарапынан болған көптеген қателіктеріге байланысты жұмысшылардың арасында жұмыс істеудің қолайсыз жағдайынан, су, азық-түлік, тауар және т.б. тасудағы іркілістерден туындаған тәртіпсіздік пен көтерілістер. Үкіметпен қақтығыстың нәтижесінде (ресми мәліметтер бойынша) 16 жұмысшы қаза тапқан, 27-сі жарақаттанып, 70-ке жуығы қамауға алынып, сотталған. Сондай-ақ 28 милицонер жарақаттанған.

  • 1960ж. - № 1 домна пеші алғашқы шойын балқытпасын берді.

  • 1963ж. - Қарағанды политехникалық институты мен ҚарМетКомбинат негізінде ВТУЗ зауыты (бұрынғы Қарағанды металлургиялық институты, қазіргі Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті) құрылды.

  • 70 жылдары - «Дельфин» (қазіргі «Жастар») атты 50-метрлік жүзу бассейні, 15000 орындық стадион мен жабық мұз алаңы бар жаңа спорткешен салынды.

  • 1971ж., қаңтар - қала Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

  • 1972ж.. - Металлургия мәдениеті алаңы (ММА) ашылды.

  • 1978ж.- «Восток» мәдениет және демалыс саябағы жұмыс істей бастады.

  • 1978ж., 29 шілде - Ұлы отан соғысы кезінде қаза тапқан Теміртау солдаттарының ерлігін бейнелейтін Мәңгі алауы бар Батырлар ескерткіші ашылды.

  • 1984ж. - югославиялық туыс қала Зеница құрметіне аталған жаңа «Зеница» тұрғын үй кешені салынды.

  • 1992ж., 28 желтоқсан - зауытты енді басқарып келе жатқан Қарағанды металлургиялық комбинаттың бас директоры А.Г. Свичинский қаза тапты. Өлім қоғамдық үлкен дабыра туғызды, кісі өлтірушілерге ең жоғарғы жаза - өлім жазасы берілді.

  • 1993ж., қаңтар - «Восток» саябағында Қысқы бақ ашылды.

  • 1995ж. - ҚарМетКомбинат Ispat International компаниясына беріліп, Ispat-KarMet деген атауға ие болды, бұдан әрі - Mittal Steel Temirtau, 2007 жылдан бастап Arcelor Mittal Temirtau деп аталды.