Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Қызылорда
ҚызылордаҚызылорда - Қазақстандағы қала, Қызылорда облысының орталығы. Бұрынғы - Ақмешіт, Перовск, Қызыл-Орда. 1925-1929 жылдары РКФСР құрамындағы Қазақ АССР-інің астанасы болды.

1820 жылы Қоқан хандығы Ақмешіт бекінісінің негізін қалады.

1853 жылы 28 шілдеде Якуб-бектің қоқан әскерлері қорғаған бекініске генерал В.А.Перовский бастаған орыс әскерлері шабуыл жасап жаулап алып, қала атауын Форт-Перовский деп өзгертті.

1867 жылдан бастап Сырдария облысының Перовск уездік қаласы - Сырдария уезінің орталығы. Бастауыш мектептер ашылды, кірпіш зауыты, жел диірмені, ұстаханалар, дүкендер іске қосылды.

1905 жылы Орынбор-Ташкент теміржолы пайдалануға берілгеннен кейін қалада вокзал мен депо ғимараты салынды.

1917 жылға дейін Перовск Шығыс Арал маңындағы әкімшілік-сауда орталығы және теміржол орталығы болып келді.

1917 жылдың 30 қазанында Перовскіде Кеңес билігі орнады. 1920 жылы қалаға Ақмешіт атауы қайта берілді.

1925 жылы Қызыл-Орда болып ауысты. 1925-1929 жылдары РКФСР құрамындағы Қазақ АССР-інің астанасы болды.

1940 жылдары аймақтағы халық саны тұтасымен алғанда (Қызыл-Орданы жеке алғанда) КСРО-ның еуропалық бөлігінен келген иммигранттар (немістер жаулап алған аймақтардан келгендер; саяси қуғынға ұшырағандар; Балтық жағалауы мен Солтүстік Кавказдан жер аударылған халықтар) есебінен айтарлықтай өсті.

Қала халқы шамамен 200 мыңға жуық адамды (оның ішінде 89%-ы қазақтар) құрады. Орыстар (5 %), кәрістер (3 %), немістер, шешендер, өзбектер, украиндықтар, белорустар, ингуштер, гректер бар.

1990 жылдардың басында басқа халықтардың эмиграцисы (негізінен Ресейге, Германияға, Грецияға, Украинаға) басталды.

1937-1952 жылдары Қызылорда ауданы репрессияға ұшырағандарды жер аударатын жер болды.

Айтарлықтай өнеркәсіптік кәсіпорындары: целлюлоза-картон, құрылыс материалдары, үй құрылыс комбинаты, аяқкиім, тігін және трикотаж фабрикалары; тамақ өнеркәсібі.

1980 жылдың ортасынан бастап аймақта мұнай-газ өндіру белсенді дамып келеді: ірі кеніш - Қызылордадан солтүстікке қарай 180 шақырым жерде орналасқан Құмкөл болып табылады. Кен орнын «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (бұрынғы "Харрикейн Құмкөл Мұнай") және "Торғай Петролеум" халықаралық компаниялары әзірлеуде. Сондай-ақ «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, "ҚуатАмлонМұнай" ЖШС, "ҚОР" ҰК, "СНПС-Ай-дан Мұнай" БК және т.б. әзірлейтін кен орындары бар.

Қалада көппрофильді мемлекеттік университет (Қорқыт ата атындағы ҚызМУ), Агро-техникалық, Медициналық және Педагогикалық колледждер, Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театры, тарих-өлкетану мұражайы бар.

Қала аймағында ауылшаруашылығы дамыған, күріш және егіс далалары бар.