Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Қапшағай
ҚапшағайҚапшағай - Қазақстанның Алматы облысында орналасқан қала. Қапшағай су қоймасы жағалауында, Іле өзеніне таяу теміржолмен түйіскен жерде, Алматыдан солтүстікке қарай 76 шақырым жерде орналасқан. Қала Қапшағай ГЭС-інің құрылысы салынған кезден бастап пайда болды.

Қала күні 18 тамызда мерекеленеді. Қапшағай ГЭС-ін су қорымен қамтамасыз ету үшін Іле өзенінің бойына салынған су қоймасының жағалауында орналасқан. Қапшағай ГЭС-і - бұл осы тәрізді объектілерді салу кезінде инженерлік жобалар аясында әлемдік баламасы жоқ ерекше ғимарат.

Қолдан жасалған теңіздің ұзындығы солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа дейін 117 шақырымнан астам, ені 25-тен 30 шақырымға дейін. Су айдынының әр жерлердегі тереңдігі 3-тен 40 метрге дейін, сондай-ақ сазан, ақ амур, табан балық, көксерке, ақмарқа, мөңке, жыланбас, сом, шаянның мекендеуіне қолайлы жер, бүгінде бекіре тұқымдас тікенек балықтар сирек кездеседі. Бүгінгі таңда Қапшағай демалу кезінде ең талғампаздарға қызметтің кең түрін ұсынатын 220 демалыс орны бар қала ретінде танымал.

Мұнда әлемнің ең үздік курорттарындағыдай жоғары санаттағы қонақүйлер, «робинзонада» үлгісіндегі пансиондар және ұлттық үлгідегі, емдік қасиеті бар құм жағажайының демалыс орындары айтарлықтай көп. Таза ауа, ғажап таза су, яхталар, су мотоциклдері, теплоходтар және судағы басқа да таңғажайыптар жылдан-жылға алыс және таяу шетелден қонақтарды қызықтыруда.

Қорық жерлермен ағатын мың шақырымдық Іле өзені жыл сайын Қапшағайдан Балқаш өзеніне дейін баратын көптеген мемлекеттерден келетін «жабайы» туристер үшін орны ерекше сый. Таңғажайып және әлемдік назар аударарлық орындардың әуесқойлары сапарларын Қапшағайдан бастаса, бірнеше күн бойы «теңіздің» солтүстік-шығысында «Ән салып тұрған құм төбелерді»; Жоңғар Алатауының таулы өзендері бар Альпі қарағайларын; адамзат мекендемейтін Сарыесік-Отырау шөлін; Ыстықкөл өзеніне қарай жүретін туристік бағыттың тау өткелдерін, Қапшағай қаласынан бес шақырым төменде орналасқан екі мың жыл бұрынғы жартастардағы суреттерді; ерте заманнан бері әлемде қалған екі тораңғы терегін және осы аймақтағы басқа да қызықтарды көре алады. Қала аймағында өзен айлағы, жолаушы кемелері және Қытай халық республикасының Дугунь айлағына дейін баратын жүк баржалары бар. Қапшағайда түйісетін және Қытай, Ресей жіне Орта Азия мемлекеттерін біріктіретін автомобиль және теміржол көлік магистральдарі қаладағы әртүрлі бағытта дамитын бизнес-құрылымды тартатындғы анық.

Бекітілген жобаға сәйкес аймақтағы халықаралық жүк-жолаушы әуежайының құрылысы бүгінгі таңда бүкіл адамзат билігіндегі көлік қызметінің барлық түрін Қапшағай қаласында біріктіруге мүмкіндік береді.  «ҚазГидроМет» институтының мәліметтері бойынша, жылына 275 күн бойы шуақты, ашық ауа райын есепке алатын бұл шешімнің логикалылығы - сауатты инженерлік-техникалық қызметтің нәтижесі.

Халық санын арттырып Қапшағай қаласын дамыту және солтүстік жағалауға жолсерік қалалар мен «Жаңа Іле» қаласын салу жөніндегі G4 жобасын жүзеге асыру бағдарламасы халықаралық бизнес әрекетін «Алматы облысындағы гидро және желэнергетикасын дамыту бағдарламасы» атты жобаға қатысуға итермеледі.

Данияның тәуелсіз сарапшыларының бағалауы бойынша географиялық жағынан қала «Жоңғар қақпасы» мен «Шелек дәлізі» арқылы өтетін ауа ағынының бойында орналасқан, қала мен аймақтағы аталған энергетиканы дамытудың әлемдегі ең үздік жел «дәлізі» болып табылады. Сондай-ақ, «ҚазГидро» институтының бағалауына сәйкес қуаты 50-ден 300 МВТ-қа дейінгі ГЭС құрылысын салу Қазақстан өзендеріндегі болашағы бар жеті учаскенің төртеуі Іле өзеніндегі Қапшағай аймағында анықталған. Қала мен аймақтың басымдылықтарын бірінші болып итальян бизнесмендері бағалады. Итальяндық кәсіпкерлердің инвестициясына салынған қазіргі заманға сай аквапарк (Қазақстандағы алғашқы) - туристік бизнес қана емес, ұзақ мерзімді, өзаратиімді ынтымақтастықты көздейтін басқа да құрылымдарды дамытудағы Қапшағай қаласының болашағы зор екендігін көрсетеді

Мақала авторы: С.Сұлтанов