Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Орал


ОралОрал - батыс Қазақстанның Еуропалық бөлігінде, Орал өзенінінің бойында орналасқан қала. Орал Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болып табылады, ол Каспий маңы үстіртінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Қала маңын есепке алғандағы жалпы аумағы шамамен 700 шаршы шақырым.

Халық саны - 210, 6 мың адам, 86 ұлт өкілі бар, оның ішінде орыстар 54 %, қазақтар 34 %. Қаланың жасыл алаңы 6000 гектарды құрайды. Тұрғын үй қоры - 4 млн м².

Орал - Орал өзені оң жағалауының ортаңғы ағысы мен Шаған өзені сол жағалауының төменгі ағысында биік және құламалы өзен жарлары бар көркем дала жазығында орналасқан. Шағанның оң тармағы - Дерқұл өзені, ол қаланың бойымен және оның маңы Дерқұл ауылымен бірге ағады.

Ең жоғарғы биіктігі - қала маңындағы Шаған және Круглоозёрное ауылдарының арасында орналасқан Ысқырық-тау.

Жайық қалашығының негізін 1584 жылы Жайық казактары қалады (қаланың негізі қаланған ресми уақыт 1613 жыл.

1988 жылы қаланың 375-жылдығы думанды түрде мерекеленді). Ол Жайық (Орал) пен Шаған өзендерінің арасындағы түбекке салынған болатын. Қазір қаланың бұл ауданы «Курень» деп аталады, курень сөзі казактардың пана еткен шалашы дегеннен шыққан.

1591 жылы казактар Ресейдің боданы болды, алайда Петрге дейін автономды ел болды.

1773-1775 жылдары Жайық казактары Емельян Пугачёв бастаған Халық шайқасына негіз болды. Бас көтерушілердің бүлігінен кейін императрица Екатерина II Жайық қалашығын Орал деп өзгертуді бұйырды. Алайда казактар бірнеше рет мойынсұнбау әрекеттерін жасады.

1804, 1825, 1837, 1874 жылдары жағдайы осындай болды. Олардың бәрі үкіметтің қатаңдығынан азап шекті. Осы жылдары Оралдың айналасындағы далаларда 1775-1797 жылдары Сырым Датұлы бастаған,

1836-38 жылдары Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілістер басталды.

Қала тұрғындарының басты шаруасы - балық аулау, егін егу және мал бағу болды. Қызыл балық қалаға көп табыс әкелді, қала өмірі бір балық аулаудан екінші балық аулауға дейін әйтеуір өтіп жатты. «Бір кездері мен Оралдағы балық аулау кәсібі туралы жазғанмын; олар біз тәрізді қыста ауламайды екен, себебі, балықтар аю секілді індеріне кіріп кетеді; күзі және қысқы балық аулау болады екен: басы үшкір, кербез, ерекше әрленген қармақты салып қойып, өзен бойымен келе жатып қармақ қозғалған кезде қолмен ұстап көреді екен ...» - деп жазған болатын В. И. Даль «Скачка в Орале» очеркінде.

Қала өмірінде көпестер маңызды рөл атқарды. Қалада казактардан басқа татарлар мекен етті, Татар слободасы болды. Татарлар әскери борыштарын өтеу мақсатында әскерде болды, олардың көбі офицер болды. Бірақ олар негізінен саудамен айналысты, татарлар Ресей мен қазақ көшпенділерін байланыстырушылар болды.

1846 жылы Орал үлкен қалалардың қатарына еніп, ірі сауда орталығына айналды. XX ғасырдың басына дейін Орал Орал облысының әкімшілік орталығы, Орал казак әскерлерінің астанасы, Орынбор губерниясының бір бөлігі болды.

1894 жылы Оралға қаланың одан ары дамуына әсер еткен теміржол салынды, ол Рязань-Орал деген атауға ие болды. Мануфактура мен фабрикалардан басқа локомотив депосы мен катализатордың қалыптасуы жұмыс қозғалысының пайда болуына әсер етті.

1905 жылы Оралда социал-демократиялық және қазақ ұлттық ұйымдар құрылды. Революцияға дейін қалада 15 шіркеу (қала маңында тағы 4), 4 мешіт, бірнеше мінәжат үйлері (казактардың айтарлықтай бөлігі ескі салтты ұстанды), театр, мұражай, бірнеше ауруханалар мен кітапханалар, қыздарға, ұлдарға арналған классикалық гимназиялар, училищелер, мұғалім семинариясы, көптеген мектептер болды, бірнеше газеттер шығарылды.