Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Семей
СемейСемей 1718 жылы пайда болды, бұл қала Петр 1 Шығыс жерлері мен 1714-1720 жылдары салынған Ертіс маңы бекінісін қорғау жөніндегі Қаулыға сәйкес пайда болды.

1718 жылдың күзінде Семипалат бекінісі подполковник П. Ступиннің бақылауымен «салынып, толық қаруландырылды».

Шекара және әскери-демеуші база ретінде пайда болған Семей бекінісі дами отырып, Ресей мен Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Ресей, Орта Азия және Батыс Қытайдың арасындағы сауданың маңызды нүктесі болып табылады. Семейдің негізі қаланған сәттен бастап мұнда сауда үшін жоңғар қалмақтары, бұқарлықтар, ташкенттіктер, қоқандтықтар келді.

Азия көпестерімен жасалған сауда операциясын бақылау үшін 1728 жылы кеден ұйымдастырылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Мәскеудегі Мемлекеттік Коммерц-ұжымның басқаруындағы Сібір бұйрығына бағынды.

1776 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы жаңа жоба бойынша бекініс салу үшін капитан И.Г. Андреев іссапарға жіберілді. Білім жағынан дарынды инженер тракт, редут, форпост және басқа да әскери бекіністердің картасы мен жоспарын түсіріп алып бұл бекіністі қайта тұрғызып, жол, көпір салды. Жаңа бекініске әскери адамдар, казактар, сондай-ақ сауда адамдары тәрізді ескі бекіністің тұрғындары қоныс аудара бастады.

1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты түрде ашылуы болды. Штаттағы қаладан тыс Семей бірден облысқа айналды. Қайта ұйымдастырылған облыс Ресей империясының құрамындағы ең ауқымды облысқа айналды.

Қалалық дума мен Қалалық сот ұйымдастырылды.

1854 жылы құрылған Семей облысының құрамына енген халық саны 1858 жылы 261 487 адамды құрады.

1873 жылы Семейде телеграф, ал 1910 жылы - телефон және Қазақстандағы алғашқы суқұбыры орнатылды.

1906 жылы жоғарғы Ертісте кеме қатынасының ресми ашылуы болды.

XIX-XX ғасырлардың соңында Семей облысының өнеркәсібіндегі шикізат сыртқа шығару үшін дайындалды. XX ғасырдың басында ірі ресейлік фирмалар мен әскери ведомствадағы шұға фабрикалары мұнда жүн, тері дайындады.

1863 жылы қалада 2 оқу орны, оның ішінде қыздарға арналған мектеп, 2 шіркеулік-приходтық училище, 14 казак және 9 жекеменшік татар мектептері бар уездік училище болды.

1864 жылы қыздар мектебі екінші санаттағы училище болып өзгерді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында қалада ерлерге және қыздарға арналған классикалық гимназия, оқытушылар семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын қызыл медальмен, содан кейін Томск технология институтын тәмамдады. Оқытушылар семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаевтар да оқыды.

Бес жылдан астам уақыт бойы Семейде ұлы орыс жазушысы Федор Михайлович Достоевский (1854-1859г.г.) өмір сүрді, мұнда ол «Записки из Мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели» атты өмірлік туындыларын жазған болатын. Ф.М. Достоевский осы жерде П.П. Сёменов-Тянь-Шанскиймен, Шоқан Уәлихановпен және Г. Потанинмен кездесті.

Семейде Петербор университетінде оқыған Е.П. Михаэлис, халық еріктілері Н. Долгополов, С.Гросс, П.Лобановский, А. Леонтьев, Н. Коншин және т.б. қоныс аударылған... Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени, яғни ағартушылық жұмыс жүргізді.

Ұлы қазақ ағартушысы Абай (Ибрагим) Құнанбаев Е.П. Михаэлис, Н.Долгополов және С. Гросспен достық қарым-қатынаста болды. Абай солардың көмегімен классикалық әдебиетпен және қоғамның саяси өмірімен танысты. Абай достарын қазақ халқының тарихын, мәдениті мен тұрмысымен таныстырды. Абай Құнанбаев қазақ халқы мәдениеті мен тұрмысын, қазақ салт-дәстүрін, ежелгі заңдарын, генеалогиясын, аңыздарын, әфсаналары мен этнографиялық терминологиясын жетік білген.

1878 жылы Семейде Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси қудаланған Е.П. Михаэлис болды. Ол 1883 жылы Семейдегі қоғамдық кітапхана мен өлкетану мұражайының негізін қалаудың бастамашысы болды. Географиялық қоғамның Семейдегі филиалы Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің шағын бөлімшесі ретінде негізі қаланды, алайда ол өз бетімен жұмыс істеді.

Семей шағын бөлімшенің белсенді қызметкерлері ағайынды В.Н. Белослюдов пен А.Н. Белослюдовтар болды. Олардың біріншісі суретші-этнограф болды, оның көптеген суреттері бар, олар қазір Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының жазбаша кітапхана қорында сақталған, ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинаған. А.Н. Белослюдов жинаған қазақ ертегілері кейбір фольклорлық материалдар ретінде шағын бөлімнің «Жазбаларында» жарияланған.

Г.Д. Гребенщиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейден басталды. Семейде Г.Н. Потанин және В.А. Обручев, сондай-ақ басқа да танымал ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семейде бағыты жағынан «Айқап» журналына жақын апта сайынғы «Сарыарқа» басылымы шыға бастады. «Сарыарқа» газетінің редакторлары Р. Марсеков пен К. Ғаббасов болды. Онда Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, А. Ермеков, М. Молдыбаев, Ж. Ақбаев пен Алаш қозғалысының көптеген көрнекті қызметкерлерінің мақалалары басылған.

1903 жылы 23 қыркүйекте Семей оқытушылар семинариясының ашылуы болды.

1928 жылға дейін Семей губерн, содан кейін аймақтық қала болды.

1932 жылы республика облыстарға бөлініп, алғашында Семей Шығыс Қазақстан облысының, 1939 жылы Семей облысының орталығы болды.

Соғысқа дейінгі жылдары қалада ірі кәсіпорындар салынды. Елдегі айтарлықтай құрылыс Түрксіб болды, бұл жолдың солтүстік учаскесі Семей қаласынан басталған болатын. Алғашқы бесжылдықтағы Семейдегі ірі құрылыс - елдегі тамақ өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорнының бірі ет-консерв комбинатының ғимараты болды. Қала бай шикізат базасы бар ірі мал шаруашылық аймақтың орталығы болды. Ет комбинатымен бірге ірі диірмен комбинаты, жаңа техникасы бар былғары зауыты салынды, ал 1938 жылы арнайы зертханасы бар қой зауыты іске қосылды. Сол кезеңдегі ең жаңа техникамен жабдықталған кеме жөндеу зауытының ғимараттары тұрғызылды.

1920 жылдың қазан айында қалада 15 адамнан тұратын «Ес-Аймақ» театрының труппасы құрылды. Оның құрамында қазақ сахнасының атақты актерлері Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды.

1934 жылы Семейде қазақ музыкалық-драмалық театр құрылды. Театр 1934 жылы 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» қойылымымен ашылды.

Семей - Шығыс Қазақстандағы ғана емес, бүкіл республикадағы мәдени, тарихи орталықтардың бірі. Мұнда Абай мен Ф.М. Достоевскийдің мұражайлары, Қазақстан мен Шығыс Сібірдің ежелгі өлкетану мұражайлары, Невзоровтар отбасы атындағы сурет өнер мұражайы, кітапханалар желісі жұмыс істейді. Абай атындағы драма театр мен Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма тетары жұмыс істейді.