Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Республикалық Қан Орталығы
Искаков Алик Саруарович Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің Қан қызметінде 30-дан астам кабинет, 3 қан құю бөлімі және Қазақстандағы ең ірі плазма фракциялау корпусы, категориядан тыс Республикалық Қан Орталығы бар.

Алматы қаласындағы Қан қызметінде 32 дәрігер жұмыс істейді және орта медициналық құрамды құрайтын 82 адам қаланың 30 емдеу мекемесін қан мен оның компоненттерімен, препараттарымен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа Республикалық Қан Орталығы Қазақстаң Реснубликасының облыстық орталықтарынан келіп түсетін плазмадан препараттар
дайындайды, әрі облыстарды альбуминмен және иммуноглобулинмен қамтамасыз етеді.

Қалалық Қан қызметі жылына 22 тоннаға жуық қан дайындайды. Оның 77%-ынан астамы Республикалық Қан Орталығына келеді.

Әлемдік үрдісті ескере отырып, дайындалатын қанның 96%-ы мақсатты қолданымдар үшін өңделеді. Бұл консервіленген қанды құюдан кейінгі асқынулардың саны мен асқынулардың ауырлығын жеңілдетуге мумкіндік туғызады.

Донорлық қан арқылы гемотранс-миссиялық инфекцияларды таратудың алдын алу үшін
донорлар қанын зөрттеу әдістеріне үлкен мән беріледі. Осы мақсатта лабораториялық қызметтер ИФА рөакциясын қоюға арналған француз лабораториялық жабдықтар кешенімен, қанның 19 көрсеткішін анықтай алатын жапондық автоматты анализатормен жабдықталған.

Қан дайындау бөлімі қазіргі талаптарға сай центрифугалармен, аппаратты плазмаферез жүргізуге арналған 2 сепаратормен, тромбоконцентратты 3 күн бойы сақтауға  арналған тромбомиксермен жабдықталған.

Сонымен қатар, ультратөмен температурада мұздатылған эритроциттерді ұзақ сақтауға арналған қан банкі бар.

Қазіргі уақытта  Қан  Орталығының  басты базасында Қазақ Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты мен бірлескен республикадағы алғаш дәрігерлердің білімін жетілдіру бойынша «Клиникалық, және өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері» тақырыбында аттестациялық цикл ашылды.

Қазір біздін Орталық Қан қызметі мәселелері бойынша Республикадағы ғылыми-кеңестік, әдістемелік және ұйымдастырушы орталық болып табылады. Сонымен қатар, Республикада азаматтық қорғаныс пен Республикалық қан орталығытөтенше жағдайлар бойынша табиғаттық және техногендікапаттардың зардаптарын жою үшін ЕПМ —ді қан өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Республикалық Қан Орталығының тарихынан

Қан құю Орталық институтының Қазақ филиалы 1934 жылдың 3 тамызында Қазақ ССР Халықтық Денсаулық сақтау комитетінің бүйрығымен құрылған.

Филиалды ұйымдастыру ісі Қазақстанда қан құюмен алғаш айналысқан профессор А.Н.Сызгановқа тапсырылды. 1938 жылы ол өз дәрігер мамаидарына (3 дәрігер) қол жеткізіп, ғимарат кұрылысын бастайды. Сол жылы Қазақ филиалы Қазақ Қан құю институты атауына ие болды. Ал 1994 жылы
- Ресиубликалық Қан Орталығын болып аталды.

1962 жылы жаңа типтік ғимаратқа көшуге байланысты жаңа кезең басталады.

Донорлықты, әсіресе, қайтарымсыз донорлықты дамыту бойынша шұғыл жұмыстар басталады.

Жаңа қан құю стансалары мен бөлімдері ашылады, 1981 жылдың соңына қарай Республикада олардың жалпы саны 28 және 125 - ке жетеді. Қан дайындау 1963 жылы 4,4 мын литрге, 1984 жылы 23,5 мың литрге артады.

Республикалық қан орталығының ұжымы1964 жылы донорларда нлазмаферез әдісі енгізілді, ал 1966 жылы алғаш — альбумин және фибриноген препараттары алынды.

1980 жылы өндірістік ғимарат пайдалануға берілді және қан препараттарын дайындау өндірістік негізге қойылды. Жыл сайынғы плазма өңдеу қуаттылығын арттыру мен шығарылатын өнім түрлерін кеңейту ісі басталды.

1982 жылы 22 мың литр плазма, 1984 жылы -30 мың литр, 1989 жылы — 40 мың литр плазма өңделді де, онымен қоса негізгі препараттардың мөлшері артты: альбумин - 8,8 мың литрден
астам, антистафило-коктық иммуноглобулин 21 мыңға, криопреципитат — 4,4 мың үлеске дейін артады. Шығарылатын препараттар түрлері: полибиолин, глютат, құрғақ криопреципитатпен және т.б. толығады.

РҚО-ның қазіргі күні шығаратын өнімі:

Қан компоненттері:

  • эритроциттік масса;

  • эритроциттік тұнба;

  • лейкоцит және тромбоциттермен жеңілдетілген эритроциттік масса;

  • мұздатылған эритроциттер;

  • жаңадан мұздатылған плазма;

  • мұздатылған плазма;

  • адамның антистафилококтық мұздатылған плазмасы;

  • тромбоцит концентраты;

  • лейкоциттік масса.


Қан препараттары:

  • Лабораторияальбуминнің 5% -дық 10 % -дық 20%- дық (донорлық) ерітіндісі;

  • криопроципитат (мұздатылған, құрғақ);

  • адамның кәдімгі иммуноглобулині;

  • адамның антистафилококтық иммуноглобулині;

  • адамның Вһ (ДО) иммуноглобулин антирезусі;

  • фибриндік изогенді кабықша;

  • тромбин;

  • глюнат.


Диагностикалық стандарттар:

  • АВО жүйесі бойынша қан тобын анықтаура арналған стандартты гемаглютинденуші сарысулар;

  • резус-факторды анықтауға арналған стандартты антирезус сарысуы;

  • кумбс сынамасына арналған сарысу;

  • стандартгы сарысулар.


Ерітінділер:

  • қан консерванты — «Глюгицир» ерітіндісі;

  • инъөкцияларға арналған натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі;

  • 5% глюкоза ерітіндісі;

  • инъекцияларға арналған аминокапрон қышқылының 5 % ерітіндісі.


Байланыс:

Республикалық қан орталығы,
Алматы қ-сы, Утепова к-сі, 1.
Тел.: +7 (727) 278-32-81,
+7 (727) 270-39-91,
+7 (727) 278-33-29.