Deprecated: Assigning the return value of new by reference is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 520

Deprecated: Assigning the return value of new by reference is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 535

Deprecated: Assigning the return value of new by reference is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 542

Deprecated: Assigning the return value of new by reference is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 578

Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Page::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1199

Strict Standards: Declaration of Walker_Page::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1199

Strict Standards: Declaration of Walker_Page::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1199

Strict Standards: Declaration of Walker_Page::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1199

Strict Standards: Declaration of Walker_PageDropdown::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1244

Strict Standards: Declaration of Walker_Category::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1391

Strict Standards: Declaration of Walker_Category::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1391

Strict Standards: Declaration of Walker_Category::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1391

Strict Standards: Declaration of Walker_Category::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1391

Strict Standards: Declaration of Walker_CategoryDropdown::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/classes.php on line 1442

Strict Standards: Redefining already defined constructor for class wpdb in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/wp-db.php on line 306

Strict Standards: Redefining already defined constructor for class WP_Object_Cache in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/cache.php on line 431

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Redefining already defined constructor for class WP_Dependencies in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/class.wp-dependencies.php on line 31

Strict Standards: Redefining already defined constructor for class WP_Http in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/http.php on line 61

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағы
Ануарбек Нақысбеков, Ерболат Төлепбай, Мағауия Аманжолов, Олжас СүлейменовҚазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасып дамуы үшін негізгі бағыт беріп, Қазақстан Суретшілері одағының атқарған рөлі, әсіресе бастапқы кезеңде, баға жетпес. Талай қиындықтарға қарамастан, Суретшілер одағы айналасына суретшілер қатарын біріктіріп, республикамыздағы көркемөнер саласының дамуына жағдай жасап, оның қоғамдағы мәртебесі мен беделін көтерді.

Еліміздегі барлық шығармашылық одақтар БКП (б) ОК 1932 жылы 23 сәуірде шығарған «Көркем-әдебиет мекемелерінің қайта құру» қаулысының негізінде әр жылдары құрылды. Қазақстанның Суретшілер одағы суретшілер мен өнертанушыларын біріктіретін қоғамдық мекеме ретінде республикамызда ең алғашқылардың бірі болып құрылды.

1930-шы жылдардың басында Қазақстанда суретшілердің шығармашылық ұйымдарының қалыптаса бастауына жағдайлар туындады. 1929 жылы Алматыда тұратын бір топ суретші, ынтымақтастықтың қажет екенін түсініп, ұйымдасу формасы ретінде «көркемдік қызмет көрсету мен қалың бұқара еңбекшілерін тәрбиелеу мақсатында» Қазақстанда Ресей суретшілері Ассоциациясының филиалын құруды ұсынды.

Қазақстан Кеңес суретшілер одағының (қысқаша ҚКСО немесе ҚСО) құрылған жылы деп 1933 жыл есептеледі.

1933 жылдың қыркүйек айында баспасөз беттеріне өз айналасына Алматы қаласының шығармашылық күштерін біріктіруге тырысқан ынталы топтың барын дәлелдейтін ұйымдастыру мақсатындағы бірқатар хабарламалар шықты. Шамасы, 1933 жылдың шілдесінде осы топтың қалыптасуы жүріп жатқан сыңайлы: «үстіміздің жылдың 8 қыркүйегінде кешкі сағат 5-те «Казахстанская правда» газеті редакциясының ғимараты ішінде (Гоголев көш. мен Фонтанная көш. қиылысы) бейнелеу өнері қызметкерлерінің жалпықалалық жиналысы болады. Кәсіпқой суретшілер, бейнелеу өнері мұғалімдері, өздігінен үйренушілер мен бейнелеу өнері үйірмелерінің мүшелері шақырылады». Төртінші күні-ақ 1933 жылдың 12 қыркүйегінде «Хабар» бөлімінде «Казахстанская правда» газеті ең ұсақ әріппен терілген жаңа хабарландыру басты: «12 қыркүйек күні сағат 5-те «Казахстанская правда» газеті редакциясында (Гоголев көш. мен Фонтанная көш. қиылысы) бейнелеу өнері қызметкерлерінің «Қазақстан суретшілері социалистік құрылыс жолындағы күресте» деген көрме ұйымдастыру жайлы жалпықалалық жиналыс өтеді. Кәсіпқой суретшілер, бейнелеу өнері мұғалімдері, өздігінен үйренушілер шақырылады». Бұл хабарландыру астында «Қазақстан кеңес суретшілері одағының ұйымдастыру бюросы» деп тұңғыш рет жазылған еді кітапхананың ішінде (Федерация паркі) ашылады».

Көрме кескіндеме, графика бөлімдерінен тұрады. Қатысушылардың ішінде нағыз белсенді еңбек етіп жүрген суретшілер - Ә.Ысмайылов, Ф.И.Болкоев, А.М.Зотиков, Н.И.Крутильников, Н.Никешин, В.И.Олейников-Антощенко, А.А.Риттих, Н.Д.Тимофеев, Ф.А.Чернышев т.б. болды. Сөйтіп, қыркүйек айында ҚСО-ның Ұйымдастыру бюросы өзінің алғашқы қадамдарын жасайды. Оның бірінші төрағасы болып жас суретші Әубәкір Ысмайылов, бірінші хатшысы болып суретші-график Иван Иванович Савельев тағайындалды.

1933-1937 жылдар аралығында – бірінші ұйымдастыру кезеңі – Ұйым бюросы өзін қаржыландыратын Қазақ Халық білім ағартуАйша Ғалымбаева, С.Мамбеев, Д.А.Қонаев, Евгений Сидоркин комиссариатының (ХБАК - НКП) қарамағына қарайтын. 1933 жылы 9 мың сом, 1934, 1935 жылдары – 15 мыңнан, 1936 жылы – 25 мың сом қаржы бөлінген болатын. Дегенмен, айта кету керек, Қазақ ХБАК уақытылы лимит ашпағанының салдарынан бөлінген несиенің жыл сайын үштен бір бөлігіне жуығын толық іске асыруға мүмкіндігі болмады. Қаржының жоқтығына байланысты ҚСО өз жұмысын толық ұйымдастыра алмады. Алғашқы кезде Одақ қатарында 15 суретші болды: В.Оленев-Антощенко, Ф.Болкоев, А.И.Бортников, Л.В.Гербановский, А.М.Зотиков, Ә.Ысмайылов, Н.И.Крутильников, З.С.Назыров, А.С.Пономарев, Г.И.Симкин, И.И.Савельев, Н.В.Соловьев, С.С.Столяров, А.А.Риттих, А.О.Чернышев. Бірақ сол кездегі ҚСО-ның құрамы жөніндегі мәліметтер қарама-қайшы. Ф.Болкоев 1959 жылы бір сөзінде 10 одақ мүшесі мен 11 кандидат бар деген болатын.

1934 жылдың 27 сәуірінде қазақстандық суретшілердің жұмыстары Мәскеуге келіп жетті. Экспозиция, шақыру билеттері мен екі түсте орындалған жарқағаз шұғыл түрде жасалды. 8 мамыр күні Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында Қазақ республикасының халық комиссарлары Кеңесінің арнайы қаулысы бойынша ұйымдастырылған Кеңес Қазақстанның бейнелеу өнерінің алғашқы көрмесі ашылды. Бұл көрмеге 22 қазақстандық суретші – Н.Хлудов, В.Оленев-Антощенко, Ф.Болкоев, О.Д.Белослюдова-Жилинская, Бурданов, Ш.У.Галиев, К.Г.Григорьянц, И.Ивачев, Ә.Ысмайылов, В.В.Каптерев, Капалкин, А.П.Простев, Л.Гербановский, Ә.Қастеев, Кашин, Г.Козлов, Н.Крутильников, И.И.Савельев, С.С.Столяров, Ә.Ә.ХҚайдаров, Х.А.Ходжиков, Ф.А.Чернышев 180 шығармашылық жұмыстарымен (кескіндеме, плакат, графика, «қолөнер өндірісінің үлгілері») қатысты. Көрмедегі материалдарды ҚСО-ның Ұйым бюросы, Қазақ ХБАК, Орталық Мемлекеттік мұражай мен жеке суретшілер дайындап берді. Көрменің ашылуында 50-ден астам адам: РКФСР (РСФСР) Халық білім ағарту комиссариатының, қазақ уәкілдігінің, шет елдермен мәдени байланыс жасау Бүкілодақтық қоғамының (ВОКС), мұражай, ғылыми және көркемөнер ұйымдарының өкілдері болды. Құттықтау сөзбен ХБАК мұражай бөлімінің орынбасары Ф.Я.Кон шығып сөйледі. Өкінішке орай, көрменің Мәскеуде қысқа ғана уақыт болуына байланысты, жалпы жұртшылық пен суретшілердің кең талқылауына түспеді.

1936 жылдың көктемінде Мәскеуде Қазақстан өнері мен әдебиетінің бірінші Онкүндігі болып өтті. Бейнелеу өнері Мәскеудің Үлкен театрының филиалында 17 мамыр – 26 маусым аралығында көрсетілді. Бұл экспозиция Қазақстанның Орталық мұражайының, ұлттық мәдениет институтының және басқа да ұйымдардың материалдары бойынша жасалды. Көрмеге кескіндеме, графика, осы заманғы суретшілердің плакаттары мен халық өнерінің үлгілері – жалпы саны 200-ден астам экспонаттар қойылды. Қатысушылардың ішінде – Ф.И.Болкоев, А.И.Бортников, Л.В.Гербановский, К.Г.Григорьянц, Ә.Ысмайылов, В.В.Каптерев, Ә.Қастеев, Н.И.Крутильников, А.А.Риттих, Е.А.Техменев, Х.Х.Ходжиков, Н.Г.Хлудов болды.

1937 жылдан ұйымдастыру жұмыстарының екінші кезеңі басталады. Оның ерекшелігі мен спецификасы неде? ҚСО Халық білім ағарту комитетінің қарамағынан шығып, 1937 жылдың қаңтар айынан бастап үкімет қаулысы бойынша өнер істері Басқармасының жетекшілігіне енді. Осы кезден бастап ҚКСО-ның Ұйымдастыру комитеті атанды. «Ұйым бюросы» деген дөңгелек мөр 1940 жылға дейін заңды болды. Қаржыландыру мөлшері де өсті. 1937 және 1938 жылдары Ұйым комитетінің мұқтаждығына енді 80 мың сомнан бөлінетін болды. Ол кезде Ұйым бюросының төрағалық қызметіне қандидатураны өнер істері Басқармасы тағайындайтын. 1933 жылдан 1936 жылдың желтоқсан айына дейін табан аудармастан ҚКСО-ның төрағасы суретші Ф.И.Болкоев болған болса, 1937 жылдан кейін тағайындау, жұмыстан босату, ауыстыру т.б. сондай өзгерістер басталды. 1938 жылдың қараша айына дейін тоғыз төраға ауысты, олардың кейбіреуі 1-2 ай ғана өз қызметінде болды. Мысалы, И.П.Швецов 4-ақ күн жұмыс істеді. Бұл кезең - көбісі суретші емес және де өз қызметтері тұрғысында өнерге ешқандай қатысы жоқ адамдардың басқару кезеңі еді.

Қазақстан Республикасы Президенті - Н.Назарбаев, суретшілер - С.Мамбеев, У.Ажиев, К.Тельжанов, А.Ғалымбаева, Т. Досмағамбетов, Е.Төлепбай, З.Тусипова, С. Романов, Б.Заурбекова1937 жылы алғаш рет шығарма жасау үшін суретшілермен шартқа отыру тәртібі орнатылды. СО Ұйым комитеті ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жанындағы (ҚазКСР ХКК - СНК КазССР) өнер істері Басқармасымен бірігіп отырып көрменің тақырыптық жоспарын дайындады, онымен суретшілер таныстырылды. Олар өздері таңдаған тақырып бойынша белгілі бір кезеңге шарт жасасты.

Қазақстанның бірінші республикалық көркемөнер көрмесі Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Көркемсурет галереясында 1937 жылы 5 желтоқсанда ашылды. Бұл күн ҚСО үшін ғана емес, басқалар үшін де айрықша күн болды. Көрме галереяның көрермендер үшін ресми ашылуына орайластырылды. 22 суретші қатысып, 63 шығарма қойылды. Бұл көрме жылсайынғы есеп беру көрмелердің ұйымдастырылуының бастамасы болды.

1937 жылдың 5 қыркүйегінде ҚазКСР ХКК жанындағы өнер істері Басқармасы № 219 бұйрық қабылдады. Онда 1 қыркүйектен бастап ҚСО жанындағы көркемөнер курстарын жүйелі түрдегі көркемөнер мектебіне айналдыру, көркемөнер мектебін ҚазКСР ХКК жанындағы өнер істері Басқармасының жүйесіне кіретін оқу орындарының тізіміне енгізу туралы айтылған болатын. Бұл мектеп көптеген қиыншылықтармен 1937, 1938 жылдары, бірінші арнайы көркемөнер училищесінің негізін қалайтын бірте-бірте базасына айнала отырып, өз жұмысын жалғастыра берді.

Училищенің бірінші директоры Швецов Иосиф Пантелемонович, одан кейін – Некрасов Николай Алексеевич болды. Алғашқы кезде көркемсурет училищесі өзінің туған Одағының шатыры астынан, бар-жоғы екі-ақ бөлмеге әрең сыйып, орын тепті. Училищеге басқа кеңірек бөлме беру проблемасы көп жылдарға созылды.

1940 жылдың 26 маусымында партиялық білім ағарту Үйінде (Пушкин көш.) Қазақстан Кеңес суретшілерінің I Республикалық құрылтайы ашылды. Съез жұмысы 5 күнге созылып 30 маусымда аяқталды. Алдында съездің ашылуы 12 маусымға жоспарланған болатын, бірақ республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясы мен Қазақстанның КП ОК-нің (ЦК КП) пленумына байланысты ол 25-не, кейін 26-на ауыстырылды. Съездің ашылуына Одақтың ішінде көрме ұйымдастырылды. 1940 жылдың 27 сәуірінде ҚСО, көрме тақырыптық емес, оған барлық суретшілер шығармашылықтарындағы неғұрлым қызықты кез келген жұмыстарымен, алдын ала қарап, сұрыптаудан өткізбей-ақ қатыса алады, - деп хабарлады. Тікелей осы ұсынылған жұмыстар бойынша әр суретшінің Суретшілер одағындағы мүшелігі бекітілді. Көрме Мәскеу комиссиясы мен туысқан республикалар делегаттарының байқауына бағышталған болатын. Алматылық суретшілерден басқа Шымкенттен – 9, Ақтөбеден – 3, Семейден – 5, Қарағандыдан – 5, Оралдан – 3 суретші өз жұмыстарын көрмеге қойды.

1940 жылға дейін СО-ның төрағасы тағайындалатын болған. Қазақстан суретшілерінің I съезінен кейін бұл қызметке сайламалы түрде сайланатын болды.

Қазақстан Суретшілер одағы Мәскеуге бекітуге 54 суретшінің тізімін жіберді. Жоғарыда аталмыш Президиум отырысының № 20 хаттамасына сәйкес ҚКСО мүшелігіне 18 адам, кандидаттығына – 23 бекітілді. Бесеуі кәсіби деңгейінің төмендігіне байланысты қабылданбады, 8 адамның кандидатуралары жайында мәселе ашық қалды (жұмыстар санының жетіспеуіне байланысты). I съезден кейін Суретшілер одағының мүшелігіне бекіту КСРО-ның СО арқылы болатын болды. КСРО Ұйым комитетінің 1940 жылғы 10 қазан айындағы хаттамасында былай делінген: Қазақстан Суретшілер одағының құрылуы аяқталды және съезде қабылданған Жарғы Суретшілер одағының барлық мүшелері мен мүшелікке кандидаттары үшін міндетті деп есептелсін.

КСРО Суретшілер одағының Ұйым комитеті 1941 жылдың жазғы айларында Кеңес Одағы қалаларында Қазақ, Өзбек, Қырғыз республикалары суретшілерінің шығармаларынан тұратын жылжымалы көрме ұйымдастыруды жоспарлаған еді. Қазақстаннан 17 суретші 42 шығармасын ұсынған болатын. Мәскеуде В.Н.Чепелев пен Б.В.Веймарнның алғы сөзі бар каталог та шығып үлгерген еді. Басында көрме Мәскеуде ашылды, бірақ та өз жұмысын жалғастыра алмады. Соғыс басталып кетті.

ҚСО басшыларының алдында соғыстың алғашқы күндерінен-ақ ұйымның қызметін соғыс уақытының жағдайына бейімдеу және Жеңіске жету ісіне суретшілер қандай үлес қоса алады деген келелі мәселе тұрды.

Тарихи тәжірибеге сүйене отырып, орыс және кеңес өнерінің қалыптасып қалған дәстүрлерін пайдаланып, ҚСО жұмысының негізгі түрі – плакаттар шығару мен басқа да саяси үгіт-насихаттың көркемдік формаларын іздеп табу, СО барлық мүшелері мен кандидаттарының күшін жоғарыда аталған міндеттерді орындауға жұмылдыру, ҚазКСР СО-ның шығармашылық іс сапарларының қаржысын түгелімен қорғаныс мәні бар шығармалар жасауға жұмсау болып табылды.

1941 жылы қыркүйек айының орта кезінде Алматыдағы Қазақстанның Орталық мұражайында Суретшілер одағының 15 мүшесінің қатысуымен соғыс кезінде ұйымдастырылған алғашқы көрмелердің бірі ашылды.

1942 жылдың аяғында ҚСО ұжымы эвакуацияланған суретшілердің есебінен екі есе көбейді.

1943 жылдың маусым айында № 28 мектептің ішінде «Ұлы Отан соғысы» атты Екінші республикалық көрме ашылды, оған 69 суретші қатысып, үгіт-терезе, плакат пен баспасөзге арналған суреттерден басқа 696 шығарма қойылды. Көрме мынандай бөлімдерден құрылды: «Отанымыздың даңқты шежіресі», «Ұлы Отан соғысы», «Қазақстан индустриясы», «Ауыл шаруашылығы», «Біздің Отан», «Театр және кино суретшілері», «Балалар тақырып бұрышы», «Үгіт-терезелер», «Плакаттар мен баспасөзге арналған суреттер».

1945 жылдың ақпан айында 28 панфиловшылар паркіндегі «Алма-Ата» кинотеатрының фойесінде 4 суретші-майдангер – Б.А.Чекалин, С.С.Столяров, В.П.Киясов, К.Я.Барановтың көрмесі ашылды. Экспозицияда – майдан нобайлары, суреттемелер мен суреттер қойылды.

1945 жылдың 13 наурызында өткен ҚСО Басқармасының отырысында Одақтың жаңа басшылары: төрағасы – М.А.Белов, шығармашылық мәселелері бойынша орынбасары РКФСР-на еңбек сіңірген өнер қайраткері Б.В.Дубровский-Эшке, тұрмыстық мәселелері бойынша орынбасар болып З.С.Насыров сайланды.

1945 жылдың қазан айында Мәскеуде Жеңіс құрметіне арналған Бүкілодақтық көркемсурет көрмесі өтті. Қазақстанның бейнелеу өнерін М.А.Белов, Г.А.Брылов, Р.В.Великанова, Ә.Қастеев, А.М.Мартова, З.С.Насыров, Б.И.Урманче, К.Х.Ходжиков, А.М.Черкасский көрсетті.

1945 жылдың аяғында Суретшілер одағында болып өткен «Қазақстанға 25 жыл» атты Республикалық көркемсурет көрмесі ҚСО-ның соғыстан кейінгі қызметінің бастауы болды деуге болады.

1946 жылдың сәуірінде қазақстандық суретшілер аз ғана құраммен (Ә.Қастеев, Я.К.Кучис, Б.И.Урманче) Мәскеуде Третьяков галереясында өткен Бүкілодақтық көрмеге қатысты. Дегенмен, 1940 жылдардағы Қазақстанның мәдени өмірінің көзге түсер оқиғасы болды деп Жамбыл Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойын айтуға болады. Әрине, Қазақстан Суретшілер одағы да сырт қалмады.

1951 жылдың қаңтар айында Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан суретшілерінің есеп беру көрмесі жүріп жатты. Оған 8 облыстан 89 суретші қатысты. Сол кездің баспасөз құралдары суретшілердің шоғыры көбейгенін алғаш рет атап өтті. Дарынды қазақ жастарының үлкен тобының пайда болғаны аталды, олардың ішінде – А.Ғалымбаева, Н.Таңсықбаев, Қ.Тельжанов, Х.Наурызбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов, Ү.Әжиев, А.Молдабеков болды. Осы жайлы басқа да мақалаларда жазылды: «Соңғы 2-3 жылдың ішінде ғана бейнелеу өнеріне шеберліктің шыңын жете меңгеріп келе жатқан 20-дан астам жас қазақ суретшілері келді».
1958 жылдың 13 желтоқсанында Мәскеудегі Өнер Академиясының залдарында Қазақстан суретшілері шығармаларының онкүндік көрмесі ашылды. Құттықтау сөз ҚазКСР-нің мәдениет министрі А.Капинге берілді. Дәл сол күні Мәскеу Суретшілер одағының көрме залында халық қолөнерінің көрмесі ашылды. ҚазКСР мәдениет министрінің орынбасары Д.Исмағұлов, КСРО Суретшілер одағы Басқармасының хатшысы А.Б.Салтыков пен КСРО мәдениет Министрлігі коллегиясының мүшесі А.К.Лебедев сөз сөйледі.

Жалпы, болған Қазақстан өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі Онкүндігі биік деңгейде өтті, мамандардың жоғары бағалауына ие болып, қазақстандық суретшілерге күш пен сенім берді. Бұл туралы өнертанушы Г.Сарықұлова былай деген еді: «Арнайы жоғары көркемдік білім алған суретшілердің көбісі республикамызға 50-ші жылдары келді. Олар Мәскеуде өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің Онкүндігінде өздерінің айқын да ерекше дарындарын көрсетті. Бізді ауызға ала бастады, біз өз қатарымыздың алды болдық».

Қазақстан Суретшілер одағының VI құрылтайы 1962 жылы 19-21 ақпанда Қазақ Мемлекеттік университетінің акт залында өтті (бұрынғы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің ғимараты).

Суретшілер одағы құрылымының маңызды бөлігінің бірі ҚазКСР-ның Көркемдік Қоры (ХФ) болды. Бұл, өзінің шаруа-қаржылық қызметін ҚСО Басқармасы мен КСРО (СССР) Көркемөнер Қорының басшылығымен атқарған ұйым болатын. Күнделікті шығармашылық-өндірістік және шаруа-қаржылық жұмыстарын ҚСО Басқармасының шешімімен тағайындалған Қор Басқармасы басқарды.

Қазақстан Суретшілер одағының VII құрылтайы 1965 жылы 23-25 наурызда облыстық Партия білім ағарту Үйінде өтті.
1968 жылдың 24 қаңтарында Құрманғазы атындағы консерваторияның концерт залында Қазақстан Суретшілер одағының VIII құрылтайы өз жұмысын бастады.

Өнертанушы Е.Вандровская өзінің «Ізденіс пен талпыныс кезеңі» деген мақаласында съез көркемөнер галереясының екі қабатына орналасқан ретроспективтік көрме фонында өтіп жатқаны туралы жазған. Бұл жолы ұйымдастырушылар көрмеге өткен мерзім ішінде орындалған жұмыстарды қою дәстүрінен ауытқыды. Көрме, республикамыздағы бейнелеу өнерінің Кеңес билігінің жарты ғасыры ішінде қалыптасқан жолы туралы ғана емес, сонымен қатар, өткен уақыттың жетістіктері мен қателіктерін ескере отырып, бүгінгі күннің келелі мәселелері жайында да әңгіме етуге мүмкіндік туғызды.

1970-1972 жылдардағы ірі көрмелердің бірі: «Кеңес Қазақстанға 50 жыл». Ол 1970 жылдың 20 тамызынан 23 қарашасына дейін Т.Шевченко атындағы Қазақ Мемлекеттік Көркемөнер галереясында өтті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен 260 жуық автор қатысты. Бұл, шынымен, еліміздің шығармашылық күштерінің байқауы болды.

1976 жылы Мәскеу қаласында 5 суретшінің – М.Қисамединов, Е.Мергенов, В.Рахманов, Б.Табиев, Т.Досмағамбетов – көрмесі өтті. Бес жас суретшінің өздерін таныстырып, өз шығармашылықтарын бүкілодақтық аренада көрсетуге шешім етуі – бұрынсоңды болмаған жағдай еді. 1976 жылы 14 қыркүйек күні ҚСО Президиумының отырысында Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінің меңгерушісі Есеналиевтің қатысуымен болашақ көрменің талқылауы болды. Суретшілердің әрқайсысың өз пікірін білдіруге мүмкіндігі болды. Е.Мергенов, ақиқат іздеген әр суретшінің ұстанымын қысқаша былай деп тұжырымдады: «Суретші құбылыстың мәнісіне әбден жетіп, қатынастың ішкі логикасын іздеуі керек». М.Қисамединов мәжіліске қатысып отырғандарға топтың бірігу принципін түсіндірді: «Осы жердегі бәріміз кездейсоқ жаналған жоқпыз, өйткені әрқайсымыз бір-бірімізге рухани жақынбыз. Бәріміз Мәскеуде оқыдық».

Мерейтойлық, Қазақстан Суретшілер одағының X құрылтайы Үкімет Үйінің ішінде 1977 жылы 23-24 ақпанда болды. Бұл съезге ҚСО-ның 233 мүшесі түгелімен шақырылды.

ҚСО-ның Көрме залында 1980 жылы 17 сәуірден 17 мамырға дейін «Жігер» фестивалі аясында жастар өнерінің кезекті 9-шы республикалық көрмесі өтіп жатты. Ол, «өнерге жаңа ұрпақ, суретшілер ұрпағы, жастары 35-ке толмаған ғана емес (көрмеге қатысудың жас шарты), жаңа көзқарасқа, жарқын да қазіргі заманға сай бейнелер арқылы жүзеге асырылатын жаңа идеялық-көркемдік үрдіске бейімделген ұрпақ келді» деп көрсетті. Көрмеге М.Аманжолов, А.Ахатбакиев, Г.Баянов, А.Бақтығалиев, А.Болюх, Н.Бубэ, Д.Зульфукаров, А.Қазғұлов, К.Кәкімов, Л.Калимова, С.Ким, А.Нақысбеков, М.Нарымбетов, С.Маслов, М.Рапопорт, А.Ророкин, Е.Төлепбаев, З.Түсіпова, П.Шорохов т.б. – барлығы 158 автор республиканың 12 облысынан қатысты.

1985 жылдың сәуір айында Ұлы Жеңістің 40 –жылдық мерекесіне және Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің XII Дүниежүзілік фестиваліне арналған шығармашылық жастардың кезекті республикалық «Жігер» фестивалі өтті.

1986 жылдың наурыз айында ҚСО басшылары ауысты. Төраға болып Қайдаров Әмен Әбжанұлы, хатшы болып Тимофеев Василий Васильевич сайланды.

XII құрылтайға дайындық көп бұрын басталды. Құрылтай алғаш рет жаңа жағдайда, жариялылықтың ауқымында өтетін болды. Облыстардан 119 суретші шақырылды. 24-нен 26 қарашаға дейін құрылтайға қатысушылардың тіркеуі өтті. Суретшілер Үйінде (Панфилов көш., 92) 26 қараша күні құрылтайдың күн тәртібі мен Басқарма мен бақылау комиссиясының есеп беру баяндамаларын бекітуге арналған ҚСО Басқармасының пленумы өтті.

М. Кисамединов, С. Айтбаев, С. Құмарова, Т. Досмағамбетов, Е. Мергенов, Б. ТабиевҚазақстан Суретшілер одағының XII құрылтайы 1987 жылдың 27-28 қарашасында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің мәжіліс залында өтті.

1990-шы жылдары Қазақстан Суретшілер одағының алдында күрделі мәселелер тұрды. Шығармашылық суретшілер одағының келбеті қандай болу керек? Ұйымның жаңаша формаларын іздеу жолында эксперимент ретінде бірқатар шығармашылық одақтарды біріктірген Қазақстан Суретшілер одағының АҚ-ы – ҚСО-ның Алматы бөлімшесі - пластикалық өнер Ассоциациясы құрылды.

Жаңа саяси, әлеуметтік, экономикалық ахуал жылдам шешім қабылдауды қажет ететін жаңа сұрақтар туғызды: Суретшілер одағында басқару институтының болашағы бар ма жоқ па, Суретшілер одағы мен Көркемдік Қордың құрылымы жайында, Суретшілер одағының жаңа Жарғысы, Суретшілер одағы мен Көркемдік Қордың мүлкін инвентаризациялау сияқты т.б. сондай мәселелер. Осы алға қойылған міндеттерді Суретшілер одағы жаңа дәуір – Қазақстанның Тәуелсізідігі дәуірі кезеңінде орындауға тиіс болды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналған жағдайда Қазақстан Суретшілер одағы қоғамдық ұйым ретінде өз миссиясын жалғастыра отырып, алдына басты мақсат және міндет қылып Қазақстанның мәдениеті мен өнерін әрі қарай дамыту, шығармашылық еңбек адамдарының мүддесін қорғау және халықтың рухани-материалдық құндылықтарын сақтау деп қойды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Суретшілер одағының XIV, XV, XVI құрылтайлары өтті. Басқарма төрағасы болып Е.Т.Мергенов (XII құрылтай, 1987-1993), Т.С.Досмағамбетов (XIII пленум, 1993-1995), С.А.Мәмбеев (XIII құрылтай, 1995-1997), Е.Т.Мергенов (XIV құрылтай, 1998), Е.Т.Мергенов (XV құрылтай, 2004). Қазақстан Суретшілер одағының 2009 жылдың 23 сәуірінде өткен соңғы XVI құрылтайында Байтұрсын Есжанұлы Өмірбеков сайланды.

Қазақстан Суретшілер одағы ТМД елдері Суретшілер одақтарының Халықаралық Конфедерациясының және ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық суретшілер Ассоциациясының құрамына енді.