Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Ғалиев Сейтғали Жолдасұлы
Ғалиев Сейтғали Жолдасұлы Сейтғали Жолдасұлы Ғалиев 1958 ж. 18 қаңтарда Қарағанды қаласында туған.

Еңбек жолын 1975 ж. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің баспасында слесарьдің шәкірті жұмысынан бастады. 1976-1978 ж. Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет істеді, бөлімше командирі, 1979 ж. тау-кен құрал-саймандарын жөндеу слесарі, кейін бұрғышының көмекшісі болып Жітіқара асбест КБК істеді.

1985 ж. ол Магнитогор кен-металлургия институтын бітірді, 1985-1986 ж. Челябинск қаласында ДГПҒЗИ Ашық кен жұмыстары зертханасында инженер болып істеді.

1986 ж. ҚазКСР ҒА Кен істері институтының күндізгі аспирантурасына түсті.

1991 ж. ҚазПТИ «Терең карьерлерде экскаваторлық-теміржол жүйесі ұтымды технологиялық параметрлерін негіздеу» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1990-1997 ж. КІИ ашық кен жұмыстары зертханасында аға, жетекші ғылыми қызметкер болып істеді.

1997 ж. «Карьерлердің кен-тасымалдау жүйесі параметрлерін имитациялық модельдеу негізінде оңтайлау» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады, 1998ж. профессор болды.

1998-1999 ж. «Кен ісін басқару» мамандығы бойынша Француз кен мектебінде оқыды.

2001 ж. «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты  кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас ғалым хатшысы болып қызмет істеді.

2001 ж. бастап бүгінгі күнге дейін «ҚР МШКҰҰО» РМК «Д.А. Қонаев атындағы Кен істері институты» ЕМК директоры.

С. Ж. Ғалиев ашық кен жұмыстарын автоматтандырылған жоспарлау және басқару технологиясы саласы бойынша жетекші Ғалиев Сейтғали Жолдасұлы ғалым болып табылады. Ашық кен қазуда геотехнологиялық кешенді автоматтандырылған корпоративтік жүйемен басқаруды әзірлеу жөніндегі ғылыми-тәжірибелік бағытты негіздеуші саналады.

Жоғары білікті маман ретінде ол республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар мен іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары бойынша тапсырмалар және әзірлемелерді орындауды шебер басқарады.

Институт директоры ретінде ол ғылыми менеджменттің талапқа сай тәсілдеріне көшу жөнінде тиімді жұмыстар жасады, ғылыми бөлімшелерді қайта құрылымдау және жаңадан құру, өндіріспен байланысты нығайту, институтты компьютерлік техникамен жабдықтауды, қызметкерлерді материалдық және моральдық жағынан ынталандыруды, халықаралық байланыстарды тереңдету мәселелерін қолға алды.
Жүйелі халықаралық «Геотехнология» конференциясы Ұйымдастыру комитетінің бастамашысы және атқарушы директоры ретінде ол 4 конференцияны 4 ірі кен өндіру кәсіпорындарында ойдағыдай ұйымдастырды.

Кен саласы мамандарынан біліктілігі өте жоғары қызметкерлер даярлауға аса көп көңіл аударады. С.Ж. Ғалиевтің басшылығымен 7 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалды. Ол 212 ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде 3 монография және 1 кітапша, 30-дан астам ғылыми еңбегі шетелдерде жарияланды.

Диссертациялық кеңес отырысыС. Ж. Ғалиев үлкен қоғамдық жұмыстар жүргізеді, Ресей кен институттары директорлар кеңесінің қауымдас мүшесі және «Инжиниринг және трансферт технологиялары орталығы» АҚ сараптау кеңесінің мүшесі, өзіміздің институттың Диссертациялық кеңесі төрағасы, «ҚР МШКҰҰО» РМК ҒТК мүшесі. Институтта шығатын «Кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» атты еңбектер редакциялық алқасының төрағасы, «Промышленность Казахстана», «Горный журнал Казахстана», Горно-геологический журнал» журналдары редколлегиясы мүшесі.

С. Ж. Ғалиев ғылыми және қоғамдық қызметі үшін Қазақстан жастар одағының сыйлығын (1995 ж.), Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық (2003 ж.), академик Ш. Есенов атындағы сыйлық (2007 ж.) алды, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» омырау белгісін алды, ҚР Минералды ресурстар академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2008 ж.). 2008 жылы ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.