Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Мамырұлы Талғат
Талғат МамырұлыТалғат Мамырұлы 1961 жылы дүниеге келген.

1978 ж. Қытай Халық Республикасы Шыңжаң университетінің электроника мамандығына түсіп, 1983 жылы үздік нәтижемен бітіріп, сол университетке  оқытушылық қызметке қалдырылады.

Университет қабырғасында ұстаздық ете жүріп, ғылыми зерттеу  жұмыстарымен шұғылданды.

1989-1991 жылдары Шанхай қаласындағы Фудан университетінің аспирантурасында оқыды.

Өз ана тілі қазақ тілінен басқа ағылшын, қытай, орыс тілдерін жетік меңгерген.

1993 жылдың басында атамекені Қазақстанға түбегейлі қоныс аударды.

1993 жылдан 1997 жылға  дейін  Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының информатика  институтында аға ғылыми зерттеуші болып  жұмыс атқарды.Талғат Мамырұлы

1997 жылы жұбайы Фарида Мерхамитқызы екеуі «Ерке-Нұр»  компаниясын құрып,  еліміздің экономикасын көтеруге, ұлттық мәдениетті жаңғыртуға өз үлесін қосып келеді.

2004-2008 жылдың соңына дейін АҚШ-ң Аризона штатындағы  Солтүстік  Орталық  (Northcentral University) университетінде доктарантураны сырттай оқып, «Бизнес администрациясының докторы» (DВA) ғылыми атағын иеленді.

2007 жылы Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясы колледжін құрып өзі соған тікелей басшылық етеді.

Колледждің бағыты: әлемдегі ірі тілдерді жетік меңгерген, әлемдік бәсекелестікке қабілетті, елімізге аса зәру мамандар дайындап шығару.

Мақсаты: жұмыс берушілердің қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  тиімді әрі үздік оқу орнына айналу.

Колледждің мемлекеттік лицензияcы №0102691, 10-ақпан 2009 (жаңартылған). Әрекет ету мерзімі шектеусіз. 1997 жылдан бастап жұмыс жасайтын «Ерке-Нұр» компаниясының жанынан құрылған.

Колледж төмендегідей мамандықтар негізінде мамандар әзірлейді:

  • 0512000 - «Аударма ісі». Бітіруші біліктілігі - 0512013 - аудармашы (қытай, ағылшын);

  • Талғат Мамырұлы0511000 - «Туризм». Бітіруші біліктілігі - 0511043-менеджер (қытай, ағылшын тілдерін меңгерген);

  • 1211000 - «Тігін өнеркәсібі және киімдерді модельдеу». Бітіруші біліктілігі - 1211083-модельер-құрастырушы (қытай, ағылшын тілдерін меңгерген);

  • 0105000 - «Бастауыш жалпы білім беру». Бітіруші біліктілігі - 0105033 - бастауыш білім бойынша шет тілі оқытушысы (қытай, ағылшын);

  • Қытай тілінің жеделдетілген 1 жылдық бағдарлама негізінде оқытатын курсы;

  • Қытай, ағылшын және орыс тілдерінің қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылған (6 ай, 1 жыл).




Колледждің оқыту базасы:



«Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясы колледжінің жеке меншік оқу ғимараты бар. Қазақ тілі, тарих, лингофон  кабинеттері мен INTERNET желісіне қосылған компьютер сыныптары және конструкторлық оқыту кабинеттері толық әрі Талғат Мамырұлыжаңаша үлгіде жабдықталған.



Колледжде кітапхана, 30 орындық оқу залы бар. Оқу әдебиеттері мен оқу құралдарының қоры 6000-нан астам дананы құрайды. Сонымен қатар,  колледж On-line тәртібіндегі халықаралық INTERNET жүйесіне қосылған.



Бітірушілерге оқу жылының соңында  мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Колледжде жоғары білімді  ұстаздар қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерінде сабақ береді.