Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Сапаров Абдулла Сапарұлы
Сапаров Абдулла СапарұлыСапаров Абдулла 1949 жылы 21 мамырда Қазақ ССР-нің Шымкент облысы, Ленин ауданының Қызыл-таң колхозында шаруа отбасында дүниеге келді.

  • 1966 жылы Өзбек ССР-нің Ташкент облысындағы Шыршық қаласының М.Әуезов атындағы №17 орта мектебін бітірді және еңбек жолын токарь оқушысынан бастап, Шыршық трансформаторлық зауытының Құралдық цехінің слесары, содан кейін Қызыл-таң колхозында  бақташы болып жұмысын жалғастырды.

  • 1967 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агрохимия және топырақтану факультетіне түсіп, топырақтану және агрохимия мамандығын 1972 жылы бітірді. Институтты бітірген соң, ЛАБАШҒ-ның Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына жіберілді, өзінің ғылыми қызметін кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана және агрохимия бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары (1972-1994ж.ж.) қызметтерін атқарды.

  • 1994-1996 жылдары Алматы қаласындағы «Көріктендіру» ӨҚБ «Көгалдандыру» АҚ-ның ашық және жабық алаңдарың (топырақтарын) басқару басқармасында қызмет атқарды.

  • 1996-1997 жылдары Ө.О.Оспанов атындағы топырақтану  ҒЗИ-да топырақ процестерін моделдеу бөлімінде аға және жетекші ғылыми қызметкер лауазымында қызмет атқарды.

  • 1998 жылдан 2002 жылдар аралығында  Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығында (ҰААЗО) - ғылыми хатшы-кеңесшісі, содан кейін су және орман шаруашылығы, агрохимия, топырақтану бөлімінің академик-хатшысы болып қызмет атқарды.

  • 2002-2003 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (ҚазҰАУ) – жоғарғы санаттағы әдіскер, ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің бастығы және бүгінгі күнге дейін агрохимия және топырақтану кафедрасының профессоры болып табылады.

  • 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін  Ө.О.Оспанов атындағы Қазақтың топырақтану және агрохимия ҒЗИ-ның бас директоры қызметін атқарады.

  • 1976 жылы Мәскеу қаласында Кремлде Қызыл ТУ-дың алдында суретке түсуге  мәртебелі болды.

  • 1978 Қазақ Республикасы ХШЖК-нің дипломымен марапатталды.

  • 2000-2001 жылдары «Ғылым мен техниканың дамуына ерекше қосқан үлесі үшін  ғалымдарға және мамандарға берілетін мемлекеттік ғылыми стипендияның» стипедиаты.

  • 2001 жылы А.И.Бараев атындағы сыйлықтың аграрлық ғылым саласындағы лауреаты.

  • 2008 жылы «Академик А.И.Бараев. Туғанына 100 жыл» естелік медалімен марапатталды.

  • 2008 жылы ҚР АШМ-нің құрмет граматасымен марапатталды.

  • 2009 жылы Д.Н.Прянишников атындағы Бүкілресейлік агрохимия ғылыми зерттеу институтының «Құрметті агрохимик» медалімен марапатталды.

  • 2009 жылы Орталық Азия мен Закавказья құрғақшылық аймақтағы  ауылшаруашылық ізденістердің Халықаралық орталығының 10 жылдық медалімен марапатталды.

  • 2009 жылы Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық академиясының академигі болып сайланды.

  • 2009 жылы РАШҒА СБ-нің «Құрметті докторы» ғылыми атағы берілді.


Тау бөктеріндегі суармалы жердің қара-қызғылт топырағындағы фосфор тыңайтқыштарының айналымы мен топырақтың құнарлығының өзгеру заңдылықтарын және  ауыспалы егістің өнімділігін, сондай-ақ диагностикалық көрсеткіштер мен тыңайтқыштарға қажеттілігін анықтап олардың оңтайлы параметрлерін белгіледі, картоп және көкөніс дақылдарының жоспарланған өнімдерін алуды қамтамасыз ететін математикалық моделдерін әзірледі.

Топырақ пен минералды тыңайтқыштардағы құнарлы заттарды ауылшаруашылық дақылдарының пайдалану коэффициенті мен оның шығынын, минералды және органикалық тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығына қажеттілігін анықтаудың нормативті құжаттарын жасады.

Алматы қаласында көкөністерді үдете және прогрессивті өсіру әдістерін және оны жыл бойы конвейерде алу жолын, картоп пен көкөніс дақылдары өнімдерін ашық және жабық алаңдар жағдайында жоспарлап өсірудің ғылыми негіздерін шаруашылыққа  енгізді. Ашық алаң топырағында жылына екі және үш көкөніс  өнімдерін (қияр, сәбіз, шомыр және т.б.), раушангүлді алу мүмкіндігін дәлелдеді. Гүлді дақылдарын және ағаштарды өсіру технологиясын жетілдіре, Алматы қаласындағы саябақтар мен парктерді безендіру мен көгалдандыруға үлкен үлес қосты.

Қазақстанның оңтүстік шығысы жағдайындағы топырақ құнарлығына әсері мен тәлімі жердегі дәнді дақылдарды игеру кезіндегі топырақты өңдеуді минимализациялау мүмкіндігін анықтады.

Республикадағы агроэкология, су және орман шаруашылығы, агрохимия, топырақтану саласында ғылыми бағдарламаны орындау мен ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етуді үйлестірді. Орындалған Сапаров Абдулла Сапарұлыжұмыстар нәтижесі бойынша жоғары ұйымдарға оларды іске асыру ұсыныстары мен программалар дайындады: «Ауылшаруашылығына белгіленген жердің құнарлығын  қамтамасыз етуді  мемлекеттік түрде реттеу туралы», «Ауылшаруашылығына белгіленген жерді тиімді пайдалану туралы», «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын химияландыру» және «Қазақстан Республикасындағы минералды тыңайтқыштарды өндірісте қолдану Тұжырымдамасы», «Республикада ауылшаруашылық дақылдардың минералды және органикалық тыңайтқыштарға қажетті көлемі туралы», «Кеңес үкіметі кезіндегі елімізді агрохимиялық қызметпен қамтамасыз ету Орталығының таратылып кеткен бұрынғы Оңтүстік Шығыс филиалының орнына Қазақстанда агрохимиялық қызметті Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығына айналдырып  қайта құру туралы ұсыныс дайындады».

Қазақ ұлттық аграрлық университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде орындалуын үйлестірді, агрохимия және топырақтану кафедрасында тыңайтқыштарды пайдалану жүйесі бойынша сабақ берді және студенттер мен магистранттардың  курстық  және  дипломдық жұмыстарына басшылық жасады.

06.01.04 - агрохимия  мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны 1985 жылы, докторлық диссертацияны 1997 жылы қорғады, ал 1990 жылы 06.01.04 – агрохимия мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер, 1998 жылы 06.01.00 – агрономия мамандығы бойынша профессор атақтары берілді.

215-тен аса ғылыми жұмыстары жарияланды, соның ішінде 4 монография, топырақ құнарлығын тиімді пайдалану және ауылшаруашылық дақылдарын минералды қоректендіру жағдайын оңтайландыру бойынша өндіріске жаңа ғылыми әдістер қалаған   6 кепілдемелер, 2 инновациялық патент алды.

Сапаров Абдулла еңбектері:

  • 1989 ж. - Превращения и эффективность фосфорно-калийных удобрений в условиях темно-каштановой почвы. Агрохимия. № 4. C.35-58;

  • 1990 ж. - Эффективность совместного применения гербицида и удобрений на посевах капусты. Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. Алматы. №11 С. 54-57;

  • 1996 ж. - Фотосинтетическая деятельность и продуктивность овощных культур и картофеля в связи с применением азотных удобрений. Известия АН-МН РК. Серия биологическая. Алматы.  №.4. С. 61-63;

  • 1998 ж. - Влияние азотных удобрений на продуктивность и качество картофеля на предгорных орошаемых почвах юго-востока Казахстана. Агрохимия. № 3. Москва. с. 27-30;

  • 2000 ж. - Using Wastewater for Agriculture. Caravan. ICARDA, Issue No. 13, December. P. 30;

  • 2001 ж. - Use of Treated Wastewater from Almaty (Kasakhstan) for Feed-Crop Irrigation. New Approaches to Water Management In Central Asia. Proceedings of A Joint UNU-ICARDA International Workshop held in Aleppo, Syria.p.113-125;

  • 2004 ж. - Основные пути регулирования и воспроизводства почвенного плодородия в основных земледельческих зонах Казахстана. Производство и применение минеральных удобрений в Казахстане. Тараз. С.27-36;

  • 2006 ж. - Почвенно-экологическое состояние Прикаспийского нефтегазового региона и пути их улучшения. Алматы. 148 с.;

  • 2006 ж. - Плодородие почвы и продуктивность культур. Алматы.  244 с.;

  • 2007 ж. - Dynamics of soil carbon and recommendations on effective sequestrations of carbon in the steppe zone of Kazakhstan. Climate and Terrestrial Carbon Sequestration in Central Asia/R. Lal…[et al.], editors. Taylor & Francis Group, London, UK, pp 177-188;

  • 2007 ж. - Conception on sustainable development of control for anthropogenic degradation of soils in south Kazakhstan. The III International Scientific Conference “Modern tendencies of development of science in Central Asia”. Almaty. P.250-252.;

  • 2008 ж. - Разработка теории и научных основ сохранения продуктивности и расширенного воспроизводства плодородия почв Республики Казахстан. Почвоведение и агрохимия. №1.С.77-81;

  • 2008 ж. - Ecologycal monitoring of agrocenosis in different areas of Kazakystan. Ecoljgy & Safety. Internatijnal Scientific Publications, Vol.2,  Part 2.P. 20-29;

  • 2009 ж. - Содержание углерода в почвах степной зоны Казахстана и меры по его стабилизации. Почвоведение и агрохимия. № 4. Алматы. С.5-20.;

  • 2009 ж. - Международное сотрудничество по рациональному использованию маргинальных вод Республики Казахстан. Почвоведение и агрохимия. №1.С. 32-39;

  • 2009 ж. - Глобальный саморегулируемый круговорот солей в природе. Алматы. 214 с.


saparov_1Үйленген, әйелі мен үш бала және немересі бар.

  • Әйелі - Сапарова Ұлбүбі Жанысбек қызы, ауыл шарушылық ғылымдарының кандидаты, ғалым.

  • Баласы – Галымжан, ауыл шарушылық ғылымдарының кандидаты, топырақтанушы-эколог.

  • Қызы – Лаура, инженер-технолог, финансист.

  • Қызы – Әсел, финансист.

  • Немересі – Кәмилә-Милена.

  • Күйеу баласы - Уго-Ферней Гомес, Бессера, ауыл шарушылық ғылымдарының кандидаты, тұқым өсіруші-селекционер.


Өмірде таза еңбек пен тлектестікті қалайды және еліміздің топырақтану мен агрохимия саласындағы актуалды проблемалардың шешу жолдарының ғылыми негізін іздейді. Оған жету жолдың негізі еңбек пен табандылық деп санайды. Маңызды проблемаларды шешу жолдарын күнеделікті ізденістен табады. Таңғы салқын ауамен қыдырғанды қалайды.

Қазіргі таңда еліміздің топырақтану және агрохимия саласындағы іргелі және қолданбалы ізденістердің жоспарының ғылыми жетекшісі және топырақ құнарлылығы мен топырақ ресурстарын басқарудың үйлестірушісі. Ө.О.Оспанов атындағы Қазақтың топырақтану және агрохимия ҒЗИ аясындағы 03.00.27-биологиялық және ауылшаруашылық ғылымдарының топырақтану мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғайтын диссертациялық кеңестің төрағасы.

  • 1998-2003 жылдар аралығында ауылшаруашылық және ветеринария ғылымдарының ҚР ВАК-ң ғылыми хатшы және экспертті Кеңестің мүшесі болды.

  • 2000-2003 жылдар арасында «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», «Жаршы», «Новости науки Казахстана» журналдарының редколегиясының мүшесі.

  • 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін тәуелсіз эксперт, 2001-2003 жылдар және 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін ауыл шаруашылығы бойынша ҚР Үкіметінің жанындағы ВНТК-тың секция мүшесі.

  • 2005 жылдан ҚР АШМ ҒТК-тің жер игеру, өсімдіктану және орман шаруашылығы секциясының мүшесі, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Биологиялық зерттеу орталығы» ҒТК -нің мүшесі.

  • 2000 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының «Орта Азиядағы өндіріс жағдайында ауылды су ресурстары және топырақ құнарлығын тиімді басқару жолымен әлеуметтік жағдайында басқару» жобасының ұлттық координаторы (ИКАРДА).

  • 2007 жылдан (CACILM - ИКАРДА) Қазақстан Республикасынан «Орталық Азиядағы жер ресурсын тұрақты басқару бойынша зерттеу» халықаралық жобасының ұлттық координаторы.

  • 2007 жылдан «Топырақтану және агрохимия» ғылыми журналының бас редакторы.

  • 2008 жылдан «Жаршы» журналының редколегия мүшесі.

  • 2009 жылдан «Топырақтану, агрохимия және агроэкологтар қоғамы» ҚҚ – ның басқармасы.


Оның басшылығымен Бүкіл Әлемдік Банкпен, Азиялық Даму Банкімен, Варшава Университетімен, INCO, CACILM, ИКАРДА, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен (МНТЦ) бірлескен зерттеулер жүргізіледі.

Оның басшылығы кезінде Институт Халықаралық қордың «Іскерлік тәжірибедегі жоғарғы сапа үшін» алтын медалімен марапатталған. 4 Халықаралық конференция жүргізіліп, 6 монография, 4 кепілдеме, топырақтану ғылымының 100 жылдық даму кезеңін қамтитын «Қазақстанның топырақтанушы ізденушілері» атты энциклопедиалық анықтамалық-кітабы шығарылды. Тоқсан сайынғы «Топырақтану және агрохимия» ғылыми журналы шығарылады, институт қызметкерлерімен 13 патенттік алынған, оның ішінде 3 инновациялық патент, сондай-ақ «Өсімдіктің (күріш) өсуі мен дамуына топырақүсті қыртысы суының әсерінің заңдылығы» ғылыми жаңалығы (Диплом №371 20 ақпан 2009 ж.) «Ойлап тапқыштық және ғылыми жаңалықтардың авторларының халықаралық академиясында» тіркелген.Сапаров Абдулла Сапарұлы

А.Сапаров алыс және жақын шет мемлекеттердің ҒЗИ-мен бірлескен жұмысына белгілі үлес қосты. Оның басшылығымен Ө.О.Оспанов атындағы Қазақтың топырақтану және агрохимия ҒЗИ-ты Орта Азия Республикаларының Институттарымен, Ресей Федерациясымен, Украина, Польша, Беларусь Республикасымен, ҚХР ҒА-ның экология және география институтымен, ҚХР ҒА-ның топырақтану және агрохимия және ҚХР ҒА-ның аграрлық Университетімен келісім шарт жасасты.

А.Сапаров бірнеше рет Алматы қаласының таза сарқынды суды тиімді пайдалану сұрақтары, қоршаған ортаны қорғау және көміртекті топыраққа жинақтау мәселесі бойынша әртүрлі халықаралық форумдарда, симпозиумдар мен конференцияларда (АҚШ, Қытай, Сирия, Польша, Израиль, Түркия, Жапония және ТМД елдерінде) баяндамалар жасады.

2009 жылы А.Сапаров Токиалық Интелектуалды диалогта (Орта Азия және Жапония) «Орталық Азиядағы топырақты қорғау аясында достастық және Орталық Азияның қоршаған ортасына климаттың өзгеруінің әсері мен бақылау шаралары» сұрақтарымен 2 секцияда доклад жасады.

Жапон елшілігі тарапынан Сыртқы Істер Министрлігі атына Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және Ауыл шаруашылығы министрлігіне 27 қаңтар 2009ж. №МД-8/4 нотасы бойынша бағытталған оң пікірлер алды.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылғына белгіленген жерді тиімді пайдалану және топырақ құнарлылығын сақтау, ұлғайту және жаңарту проблемаларын шешуде шара қолдану мен оны ұйымдастыру үшін топырақтанушы және агрохимик ғалымдардың басын біріктіруге ат салысады.

Болашақта  ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі мен сапасын көтеру және топырақтың құнарлылығын жаңарту  үшін топырақтану және агрохимия саласындағы іргелі және қолданбалы ізденістердің дамуына жанжақты қолдау жасайды.