Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Мусаева (Шандыбаева) Сана Жеткербайқызы
Мусаева (Шандыбаева) Сана ЖеткербайқызыМусаева (Шандыбаева) Сана Жеткербайқызы 1981 жылдың 28 қазанында Алматы қаласында туылған. Бала жасынан бастап өзінің көшбасшылық және биіктерге ұмтылу қасиеттерін дамытып  келеді. 1998 жылы өткен Республикалық мектепаралық олимпиадада Қазақстан тарихы пәні бойынша II  орынды иеленді. 1999 жылы Алматы облыстық қыздарға арналған қазақ-түрік лицейін тамамдады. Үздік оқығаны үшін «Алтын белгі» алтын медалімен марапатталудың мәртебесіне ие болды.

Сана Мусаева (Шандыбаева) 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Унивеситетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Әлденеше рет университеттің ғылыми және қоғамдық шараларына белсенді түрде қатысты. Сана бірінші Республикалық студент жастар фестивалінің  «Жас Толқын аруы-2001» конкурсының жеңімпазы атанды, сондай-ақ  Республикалық «Ана тілі» газетінің өткізген «Ана тілі аруы-2003» конкурсының бас жүлдесінің иегері. Сана 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты musaeva_s1өткізілген студенттік ғылыми-практикалық конференцияда I орынды жеңіп алды. 2005 жылы Қазақ Ұлттық университетінде «Қаражат» мамандығы бойынша Экономика Магистрі дәрежесін қорғап шықты.

Сананың өміріндегі ең бір жарқын сәттерінің бірі, 2004 жылы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер Болат Қалымбетов түсірген көркемсуретті тарихи «Сардар» фильмінде басты рольді абыроймен орындап шығуы болды.

Сана Мусаева (Шандыбаева) Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2009 жылы Cass Business School, City University, London абыроймен бітіріп шығып, сақтандыру және тәуекел-менеджменті саласының ғылым Магистрі дәрежесін алды.( Мaster of Science in «Insurance and Risk Management»).

Сана Мусаева (Шандыбаева) бойындағы білімі мен біліктілігін жетілдіруді жалықпай жалғастыруда: Лондондық Сити Чартерлік Сақтандыру Институтының сертификатын және Cert CII атағын қолданудың құқығының иегері, сондай-ақ  бар "Сардар" көркем фильмін түсіру барысындакүш-жігерін еліміздің экономикасының сақтандыру секторын дамытуға жұмсауда.

Сана өзінің ата-анасын-Шандыбаев Жеткербай және Үрімбаева Дәмелі , жұбайы –Мусаев Құмар және оның ата-анасын – кәсіптік және жекебасының жоғары деңгейлі жетілуіне көп үлес қосқан жандар деп біледі.

Өмірлік ұстанымы: Мусаева (Шандыбаева) Сана Жеткербайқызы

«Кез келген ойсана – материалды ұғым, әрқашан ойлау жүйең айқындықты көрсетуі керек.

Табысқа жету формуласы:

«Қандай да бір  тілегініңді  ой елегінен өткіз, шешім қабылда және барлығын іске асыр».

Сана барлық барған жерлерінен магнитиктер алып келіп, соны жинаумен әуестенеді.

Алға қойған жоспары:

Халқымыздың сақтандыру  білімділігін көтеру үшін сақтандыру саласының мамандарын дайындайтын оқу орындарын ашып, біздің Республикамыздың экономикасының сақтандыру секторын түпкілікті  жетілдіруге белсене араласу.