Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Әбсаттар қажы Дербесәлі
Әбсаттар қажы ДербесәліӘбсаттар қажы Дербесәлі (15.09.1947 ж.т., бұрынғы Шымкент обл., Түлкібас ауд.) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969). 1970-1975 ж.

КСРО Ғылым академиясы Москва Шығыстану институтында біліккер, аспиранты. 1975-1976 ж. Марокко Корольдігі, 1985-1986 ж. Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті  бойынша біліктілік арттырудан өтті.

1976-1977 ж. ҚР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.

1977 ж. әл-Фараби атын. Қазақ. мемл. ұлттық ун-тінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология  кафедрасының меңгерушісі.

1986-1988 ж. КСРО ҒА Москва Шығыстану институтының докторанты.

1989 ж. Шығыстану факультетінің деканы, 1991-1997 ж. тілдер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор.

1997-2000 ж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі.

2000 және 2005ж. Қазақстан мұсылмандарының ІІІ және ІҮ Құрылтайларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007ж. Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы, 2000 ж. тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода, 2002 жылы сәуірде Кипрде және 2009 жылы мамырда Стамбулда өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V - VІІ халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып 8 үш рет сайланды.

1977 ж. «Араб тілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғыл. жетекшісі – проф. Ю.Н.Завадовский) кандидаттық, 1998 ж. «ҮІІІ-ХХ ғ-дағы араб тілді Марокко сөз өнерінің эволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1989 ж. профессор. 1995 ж.  ҚР Жоғары Мектеп ҒА-ның  академигі. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирақ), Сана (Солтүстік Йемен), Аден (Оңтүстік Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Индия), Пешавар (Пәкстан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Йорк) уни-ттерінде лекция оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе – 1985, Москва – 1989, 2000, 2004, Александрия – 1992, Сеул – 1995, Мадрид – 1996, Дели, Кашмир – 1999, Берлин – 2002, Каир – 2003, Афины – 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент – Әбсаттар қажы Дербесәлі2000, Доха – 2001) қатысып баяндамалар жасады. ҚР халыққа білім беру министрлігі жанындағы шығыстанушылардың  Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы, КСРО Шығыстанушылар Ассоциациясы Қазақ бөлімінің бюро мүшесі, КСРО ҒА Шығыс әдебиетін үйлестіру кеңесінің, ҚР Ұлттық ҒА-ның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының, Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі. Қазақтың шет елдермен достық қоғамы Қазақ-Араб бөлімі төрағасы болды. КСРО Халыққа білім беру мемл. комитетінің Құрмет Грамотасымен (1984 ж.) марапатталған. ҚазМУ-дің әл-Фараби атын алуына үлкен еңбек сіңірді, Республикамыздың мемлекеттік 10 университеттерінің «Құрметті профессоры», Халықаралық  «Араб тілі» ғылым Академиясының (Каир) академигі.

Әбсаттар қажы Дербесәлі республикамыздағы жас арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылым докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі. Ол алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де араб бөлімі мен шығыс тілдер кафедрасын және шығыстану факультетін ұйымдастырып, оның тұңғыш меңгерушісі және тұңғыш деканы болды. Оның басшылығымен республикамызда тұңғыш рет урду, парсы, түрік, қытай, жапон, кәріс тілдері мен әдебиеті мамандықтары ашылып, кафедралары ұйымдастырылды.  Сөйтіп республика өте зәру шығыстану ғылымы саласының ұлттық мамандарын даярлауға белсене атсалысты.

Әбсаттар  Дербесәлі қаламынан араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті және қазақ әдебиетінің ежелгі  дәуірлері мен мәдениетінің мәселелері, сыртқы Шығыс мұсылман елдерімен рухани байланыс, ол жұрттың ой дүниесі мен Ислам тарихы, қасиетті Құран, пайғамбарымыздың хадис шәріптері туралы 600-ден астам теориялық және практикалық мәні бар ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектер туған. Араб тілді Марокко әдебиетінің тұтас тарихын жазып шықты. Ол тек КСРО ғана емес, сол елдің өзінде де жазылған жоқ еді. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен ондағы құлыптастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. Шығармаларын араб, парсы, шағатай тілдерінде туындатқан, еңбектері әлем кітапханалары мен қолжазба қорларына шашырап кеткен даламыздың Х-ХҮІІІ ғ. өмір сүрген Әбу-л Қасым әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әбу Ибраһим Әбсаттар қажы ДербесәліЫсқақ әл-Фараби, Бурһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Махмұт әл-Фараби, үш Кердери, үш Сайрами (Исфиджаби), жеті Түркістани, 31 Таразилер, Байлақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайыри, Гийас ад-Дин Женди, Хусам ад-Дин Сығнақи және т.б. барлығы 100-ге жуық ғалымдары мен ойшылдарын тауып, еңбектерін ғылыми айналымға енгізді. Олар жайлы шығыстану және филология факультеттерінде дәрістер оқыды. Студенттер мен магистрлердің диплом жұмыстарына басшылық етті. Ә.Дербісәлінің жетекшілігімен докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығын зерттеуде де соны қадамдар жасады. Қашғария (1994), Пәкстан (1995), Индияға (1998) арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тапты. Құлпытасының эпитапиясын шешті. Берлин және Қашғар қолжазбасы бойынша ғұламаның «Жаһан наме» атты поэмасын шағатай тілінен тәржімалап жариалады («Білім» Алматы, 2006). Ол жайлы бірқатар зерттеулерін жариялады. Сондай-ақ ол Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетін, Имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институтын, қасиетті Құранды мәнерлеп оқу бойынша республикалық тұңғыш конкурсты, рамазан айларында Алматының орталық мешітінен қазақ теледидары арқылы қадір түнін насихаттау секілді тағы да басқа көптеген діни-руханият, діни-ағартушылық шараларын ұйымдастырды. 2003 және 2006 жылдары қыркүйекте Астанада әлемдік және дәстүрлі ұлттық дін лидерлерінің съездерін өткізуге үлес қосты.

Әбсаттар қажы Дербісәлі Қазақстанда араб тілі мен әдебиеті  ғылымын қалыптастырғаны және Ислам тарихы мен мәдениеті, дініне байланысты көптеген сүбелі еңбектері үшін 2002 жылы  Египет Араб республикасының 1-дәрежелі «Ғылым және өнер» орденімен, Қазақстан ғылымы мен білімі, әдебиеті мен мәдениетіне қосқан қомақты үлесі үшін 2004 жылы «Парасат» орденімен және 2001 жылы «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының конституциясына 10 жыл», 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалдерімен және 2007 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды, 2005 жылдың қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы маслихының шешімімен «Түлкібас ауданының  құрметті азаматы» және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының шешімімен «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атақтары берілді. Ол Қазақстан халықтарының достығы мен ынтымағы, діндер аралық түсіністік пен сыйластықты арттыруда да игілікті істер атқарып келеді.

Әбсаттар Дербісәлінің басты еңбектері: Шыңырау бұлақтар (зерттеулер мен мақалалар). «Жазушы», А., 1981; Араб әдебиеті. Әбсаттар қажы ДербесәліКлассикалық дәуір. «Мектеп», А., 1982; Арабоязычная литература Марокко. Изд. «Наука», А., 1983; «Мың бір түн»  елінде, А., 1986; Ежелгі араб жерінде.А., 1992; Литература Марокко. Изд. «Наука», М., 1993 (телавторлары С.В.Прожогина, О.А.Власова); Қазақ даласының жұлдыздары. Тарихи-филологиялық зерттеу. «Рауан», А., 1995; Мұхаммед Хайдар Дулати. Өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық. А., 1999; Ислам және заман (Сұхбаттар мен мақалалар, жолжазбалар мен әдеби зерттеулер). А., 2003; Исламның жауһарлары мен жәдігерліктері. Тарихи-филологиялық зерттеулер, эсселер мен очерктер, А., 2008; Қазақстанның мешіттері мен медреселері. Рухани шамшырақтар. Діни тарихнамалық альбом, «Аруна» баспасы, А., 2009.
Ә.Дербісәлі жайлы: Элита Казахстана, Алматы, 1997, 116-бет; Әбсаттар Дербісәлиев. Шығыстанушы – ғалым – ұстаз. Алматы, 1997, 65 бет (Биобиблиографиялық көрсеткіш. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. Алматы, 1988, 3-том, 150-бет; Ф.Оразаев. Қазақ әдебиетін зерттеушілер. «Рауан», Алматы, 1991, 67-68 беттер; Қазақ әдебиеті. Энциклопедия, Алматы, 1999, 150-бет; Высшая школа Казахстана в лицах, Алматы, 2000, 177-178 беттер; Түркістан, Халықаралық энциклопедия. Алматы, 2000, 275-бет; Кто есть кто в Казахстане, Алматы, 2001, 136-бет; Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, А., 2001, 3 том, 201-202 беттер; Қазақстан жазушылары. ХХғ. Алматы, 2004, 99-бет; «Отырар». Энциклопедия, Алматы, 178-179 беттер; Әбсаттар Дербісәлі және шығыстану мен руханият мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. А., 2007.