Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Тоғандықов Тлеуқабыл Жүсіпұлы
Тоғандықов Тлеуқабыл Жүсіпұлы, 1949 жылдың 21 тамызында Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы Шет ауданының Өркен ауылында дүниеге келді.

1967 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институттың емдеу факультетіне түсіп, оны 1973 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы № 1 Жезқазған қалалық ауруханасының невропатолог-дәрігері ретінде басталды.

1976 жылы ҚазССР денсаулық сақтау Министрлігінің өлкелік нормадан ауытқулар ҒЗИ-ның «Клиникалық патофизиология және функционалдық диагностика» мамандығы бойынша күндізгі аспирантураға түсіп, 1979 жылы табысты бітірді.

1980 жылдың қаңтарынан 1982 жылдың қазан айына дейін Алма-аты қалалық клиникалық жедел медициналық көмек аурухананың нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі болып істеді.

Алматы қаласының № 4 Қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары лауазымына ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

1984 жылдың қыркүйегінде №2 Қалалық клиникалық ауруханаға ауысу ретімен жіберіліп, алдымен шұғыл нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург-дәрігері жұмысын атқарып, кейін 1985 жылдың мамыр айында бас дәрігердің хирургиялық қызметі бойынша орынбасары ретінде тағайындалды.

1990 жылдың сәуірінде ауысу ретімен Алматы қаласындағы № 7 Қалалық клиникалық аурухана бас дәрігері болып тағайындалды.

1994 жылдың қыркүйегінен 1995 жылдың желтоқсан айына дейін «Насихат ЛТД» Консалтинг компаниясының вице-президенті болды.

1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың тамызына дейін - Қазақстан Республикасының экономика Министрлігі істерін Басқарушысы болды.

1997 жылдың тамыз айында Алматы қаласының № 1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері болып тағайындалды. 2006 жылы өз еркімен жұмыстан босатылды.

2006 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың шілде айына дейін  - Алматы қаласының № 4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері болды.

2008 жылдың шілде айында «Университет клиникасы» ЖШС директоры болып тағайындалып, осы орында қызметіy атқарып отыр.

Тоғандықов Тлеуқабыл Жүсіпұлы 150 жуық ғылыми еңбектердің авторы ретінде белгілі. Медицина саласында 10 өнертабыстары бар. Медициналық ғылымдар кандидаты атағын иемденген.



2002 жылы «Унитиолатты кешенді металдар тобындағы жоғары биологиялық  белсенді фармакологиялық қосындылар» тақырыптағы диссертация қорғалды. Тоғандықов Тлеуқабыл Жүсіпұлының ғылыми жұмысы дүние жүзіндегі адамзатқа маңызы зор қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрімектерді жасаумен байланысты.

Тоғандықов Тлеуқабыл Жүсіпұлының еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаға ие болып, марапатталды:

  • 1998 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» Белгісімен;

  • 2004 жылы «Құрмет» Орденімен;

  • 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Медалімен;

  • 2009 жылы «Төтенше жағдайларының алдын алуда және жою үздік шыққан үшін» Медалімен марапаталды.


Тоғандықов Тлеуқабыл Жүсіпұлы көп жылдар бойы Қазақстан Республикасының дәрігерлер Ассоциациясының вице-президенті жұмысын атқарып отыр.

1998 жылы Нью-Йорк академиясының мүшесі ретінде қабылданды. «Отан» алғашқы партиялық ұйымның төрағасы қызметін атқаруда.

ҚазССР Жоғарғы Кеңесі және Қазақстан Республикасының Мәжілісіне депутаттыққа кандидат ретінде екі рет дауысқа түсті.

Волейбол бойынша спорт шеберімі.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттармен бірнеше рет марапатталды.

Отбасылық жағдайы:

1973 жылдан бастап отбасым бар.

  • Жұбайы - Тоғандықова Ұлбөпе, 1949 жылдың 31 желтоқсанында дүниеге келді, зейнеткер.

  • Әкесі - Тоғандықов Түсіп Жабаұлы 1924 жылы дүниеге келді, 2007 жылы қайтыс болды.

  • Анасы - Хамзина Нелля 1936 жылы дүниеге келген, 1986 жылы қайтыс болды.


Екі ересек қызы бар.