Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Университет клиникасы
Университет клиникасынның ұжымыВ.И.Ленин орденінің Қазақ темір жолдың Теміржол ауруханасының 1951 жылы негізі қаланған.

1997 жылы аурухананы Қазақ темір жолының РГП Орталық клиникалық ауруханасы деп атауы өзгерді.

2000 жылдың 03 шілдедегі №236 Қаулымен «Оқыту- клиникалық орталық» ААҚ атанды. 2006 жылдың 15 қазанындағы акционердің шешімімен «Оқыту-клиникалық орталық» ААҚ-нан «Университет клиникасы» ЖШС-ке өзгеру түрінде қайта құру жүргізілді.

2008 жылдың 06 шілдедегі № 543 «Жеке заңды тұлғалармен мемлекеттік акциялар пакеттерімен (қатысу үлестерімен) иелену мен жұмсау құқығын табыстаудың кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің Қаулысымен және Астана қаласының Арнайы аудан аралық экономикалық соттың 2007 жылдың 19 қарашадағы Шешімімен «Университет клиникасы» ЖШС (бұрынғы темір жол ауруханасы) үстіндегі басқару орны Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігі болып табылады.

Қазіргі кезде ауруханада 106 төсек орынды 5 емдеу бөлімшесі: көпбағытты терапиялық (30), офтальмологиялық (көз) (20), хирургиялық (15), гинекологиялық (15), ЛОР бөлімше (20), анестезиология және реанимация 6 төсек орын қызмет етеді.

2009 жылдағы штаттық кестеге сәйкес аурухананың емдеу және параклиникалық бөлімшелерінде дәрігерлер орындары - 39,00; медициналық орта - 51,75; кіші - 43,00 және 28,00 - басқа қызметкерлер орны бар, сонымен қатар әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша 15,00 штаттық бірлік ескерілген.

Кезіндегі темір жол клиникалық ауруханасының медициналық қызметтерді көрсетудің бірегейлігі оның орны мен емдеу бөлімшелерінің құрылымына байланысты.

Ауруханалық кешенінің мекен жайы Алматы қаласының орталығы Абай атындағы даңғылы мен Масаншы көшесімен қиылысындағы 92 ғимарат. Аурухана ғимараттары, құрылыстары мен әкімшілігі Алматы қаласының Алмалы ауданындағы қоршалған көлденең бір алаңда орналасқан.

Ауруханаға барлық қалалық коммуникациялар (электрқуаты, жылу жүйелері, суық және жылы су, канализация, телефон, радио), асфальттанған автожолдар тартылып, үнемі жұмыс атқаруда. Әрі-бері өтетін жердің жанында қаланың кез-келген ауданына жеткізе алатын, сонымен қатар темір жол және автобекеттеріне тікелей баруға болатын қалалық автобустар аялдамасы бар.

Палаталар 2 және 1 ауруға арналып, әр қайсысында алғы және дәретханалық бөлме, кезекші бикелермен екі жақты сөйлесім байланыс және түнгі жарықтанумен жабдықталған. Әрбір бөлімшеде түрлі-түсті теледидары бар демалыс бөлмесі, тамақты жылыту және тамақтану бөлмесі бар. Қызметкерлерге арналған шешіну бөлмелері, әрбір бөлімшеде арнайы меңгерушілер кабинеттері, ординаторлар, аға және шаруашылық бикелер бөлмелері, мейірбикелік бөлме, санитарлық бөлме, дәретханалар, жуыну бөлмелері, кір және таза төсек орынды сақтауға, медициналық және жуу-жинау құралдарға арналған бөлмелер және басқа да бөлмелер бар.

Ауруханалық кешен күрделі инженерлік-техникалық құрылыс болып табылады: 2 лифт, операциялық, реанимациялық бөлімшесі және барокамераға тартылымы бар оттекті жеткізу станциясы. Жоғарыда аталғандай инженерлік нысандарға орталық, ішкі канализациялық жүйе енеді.

Арухананың емдеу корпусының ерекшелігі барлық диагностикалық және емдеу бөлімшелердің:

  • қызметтегі барокамерасы бар гипербарикалық оксигенация;

  • өзіндік операция жасайтын бөлмесі және белсенді терапия палаталары (6 төсек) бар реанимация бөлімшесі;

  • операциялық блок;

  • кең ауқымды рентгенологиялық зерттеулер;

  • клиникалық, биохимиялық зерттеулер;

  • ультрадыбысты зерттеу кабинеті;

  • дәрі-дәрімекпен қамтуды жүргізетін ішкі ауруханалық дәріхана бірегей жерде орналасқанында.


Аурухананың басқарушылық қызметі директор және оның басшылығындағы үш орынбасарынан (емдеу ісі бойынша, поликлиникалық қызметі, мейірбикелік ісі) және бас бухгалтерден құралады. Барлық басқарушылық орындарды лауазымдарына сәйкес жоғары білімі бар, кәсіби біліктілігі жоғары, жұмыс тәжірибесі терең, ұйымдастырушылық қабілеттерге ие және ұжымда беделдері жоғары тұлғалар алып отыр.

«Университет клиникасы» ЖШС жанындағы ақылы кеңес беру-диагностикалық емхана аурухананың үш қабатты ғимаратында орналасқан. Оның жалпы ауданы 1800 кв.м: 20 дәрігерлік қабылдауға арналған кабинеттері; аға мейірбике, шаруашылық бике, ұқалау, физиотерапиялық кабинеттері, күндізгі ем алу және функционалды диагностика екі кабинетері бар.

Емханада келесі мамандар қабылдау жүргізеді:

  • Терапевт - терапиялық науқастарды қабылдау және емдеу;

  • Невропатолог - неврологиялық науқастарды қабылдау және емдеу;

  • Гинеколог - гинекологиялық науқастарды қабылдау және емдеу;

  • Оташы - хирургиялық науқастарды қабылдау және емдеу, таңу, гипсті таңулар, кішігірім операцияларды жасау;

  • ЛОР - ЛОР-науқастарды қабылдау және емдеу, мұрын жолдарын тесу, мұрынан қан кетуді емдеу;

  • Көз дәрігері - офтальмологиялық науқастарды қабылдау және емдеу, көздің өткірлігін тексеру, көз түбін тексеру, иридодиагностика;

  • Физиотерапевт - науқастарды қабылдау және физиоемдерді тағайындау;

  • Рентгенолог дәрігер;

  • Эндоскопист;

  • Лаборант-дәрігер;

  • УДЗ дәрігер.


Қазіргі кезде аурухана қалалық тұрғындарына ақылы қызмет көрсетуге  негізделеді. Алматы қаласы бойынша қызмет көрсету орташа есеппен 2% құрайды. Негізгі бәсекелестікті Алматы қаласының 80 медициналық ұйымдары мен денсаулықты сақтау ұйымдары құрайды. Қызметтерді тұтынушылардың негізін Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындары құрайды. ҰСФЕ-ға өтуге байланысты  2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  жылжымайтын мүлік және негізгі құралдар бойынша бағалау жүргізілді:

  • әкімшілік корпус (емхана ғимараты)-44 420 001,64;

  • асфальтты жолдар- 12 140 263,38;

  • бас корпус - 206 144 251,95;

  • жер учаскесі- 37 513 550,00;

  • күзет орны - 168 788,64;

  • терапиялық корпус - 94 581 483,66;

  • 2 автомашина тұрағы - 29801,06;

  • БАРЛЫҒЫ 394 998 140,33


Көрсетілген қызметтер өзіндік құны бойынша аударылған сомамен жалақы 45% құрайды, жалпы табыстан негізгі құралдар тозуы 28%, дәрі-дәрімектер мен ем-дәм тағамдары 10%, медициналық құрал-жабдықты жалдау және ағымдағы жөндеу 5%, коммуналдық және басқа да қызметтер 12% құрайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша 2009 жылдағы жылдық жоспар сомасы  26,0 млн тенге құрады. Негізгі қорлар түрлері, жылу және электрқуаты, жұмыстар мен қызмет көрсету жабдықтаушылар туралы ақпарат қосымшада берілген. 2010 жылғы іс-шаралар жоспары жетілдіру дәрежесінде.