Deprecated: Function set_magic_quotes_runtime() is deprecated in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-settings.php on line 18

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Comment::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-includes/comment-template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_lvl() should be compatible with Walker::start_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_lvl() should be compatible with Walker::end_lvl(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::start_el() should be compatible with Walker::start_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0

Strict Standards: Declaration of Walker_Category_Checklist::end_el() should be compatible with Walker::end_el(&$output) in /var/www/vhosts/v-3407.webspace/www/808.kz/zs.808.kz/kz/wp-admin/includes/template.php on line 0
Қазақстанның Мәртебе Төрі
 
 
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы кәсіби музыкалық білім беру саласында жетекші жоғары оқу орны. Консерватория түлектері өздерінің кәсіби дайындығының бәсекеге қабілетті екенін тек Қазақстанда емес , шет мемлекеттерде де дәлелдеп  жүр. Біздің жоғары оқу орны еліміздің абыройын жақын және алыс шет елдерде асқақтатып жүрген біртуар орындаушылар және өнер қайраткерлерінің кәсіби мектебі болып табылады. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы республикамыздың жоғары музыкалық кәсіби білім беру саласының ең үздік қайталанбас оқу орны болып табылады.

Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы - бұл заманауи, жаңа үлгідегі жабдықтармен қамтылған, білім беру талаптарына сай жоғары оқу орны. Толықтай жөндеуден өткен үш ғимарат білім беру ісіне қызмет етуде.

2004 жылы басты жаңалаудан кейін 500 орынға арналған Үлкен орган залы, Алматы қаласының архитектуралық мәдениҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы құндылықтары және басты концерттік алаңына айналды.

Жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін қазіргі заманға сай жабдықталған кең дәрісханалар, 170 орынды Камералық зал, 236 орынды Кіші концерт залы, спорт және тренажер залы, оқу залы, кластық абонемент, кітапхана және медиатека, компьютер класы, интернет жүйесі, телерадиокешен, баспахана, музыкалық аспаптар шеберханасы, асхана және тағы да басқа нысандар пайдалануға берілген.

Республиканың басқа аймақтарынан келген студенттер үшін 42 дайындық орындары, оқу және спорт залдары, тұрмыстық техника және жаңа жиһазы бар жатақханамен қамтамасыз етілген.

Консерватория студенттері әлемнің ең үздік жапон және неміс өндірушілері шығарған (Steinway, Grotrian-Steinweg, Seiler, Bluthner, August Forster, Yamaha) және де шекті Консерватория ұжымыквартетке арналған электр аспаптарында дайындық жүргізеді.

Соңғы жылдары шығармашылық ұжымның гастрольдік сапарлары, халықаралық байланыста белсенді түрде қарқын алып келеді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халықаралық пианистер байқауы, «Наурыз-21» халықаралық заманауи музыка фестивалі, халықаралық камералық байқауы, «Асыл мұра» дәстүрлі музыка байқауы секілді үлкен халықаралық фестивальдар мен байқаулардың және тағы да басқа ірі жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады.

2004 оқу жылынан бастап, білім берудің кредиттік жүйесіне жоспарлы түрде көшіп келеді. «Арт-менеджмент» сияқты, бакалавриат және магистратура бағдарламаларына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыжаңа мамандықтар ендірілуде. Консерваторияда құрылған телерадиокешені дыбыс режиссеры және продюссер, дыбыс инженері және музыка сыншылары, бағдарлама редакторлары және радио дикторлары мамандықтарын дайындау мүмкіндігін ұсынады.

Білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

1997 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры - Қазақстан Республикасы Халық әртісі, Казақстан Республикасы Мемлекеттік Премиясының лауреаты, профессор Жәния Әубәкірова.