Жоба туралы Қазақстанның Мәртебе Төрі

Жылжып жатқан бір қарап уақытқа
Еңбекпенен, үмітпенен өрілген
Өмірімнің өрнегі көз алдымда
Мақтаныш пен атаққа малынған.
Сен менің есімімді білмейсің бе?
Ұрпақтың мақтанына айналған
Сен менің есімімді біле жүргін
Мен сенің ұрпағыңның мақтанына айналғам…

Біз өткен өмірімізді қалай еске аламыз? Еске алған сәтте бейне, сөз, сезім, үміт әрдайым жарқырап тұрады.


Біз тарихқа қалай шолу жасаймыз? Онда біреу бір кездері бейнелеп жазып кеткен жарқын тұлғалар тарихы жарқырап тұрады. Ғасырлар қойнауында қаншама жарқын әрі ұлы тұлғалардан айрылдық.


Алғашқы дөңгелекті кім ойлап тапқанын, алғашқы отты кім жаққанын, алғашқы металл инструментті кім балқытқанын, әйел сұлулығы поэзияға, әкелеріміздің батыл қимылдары құрмет етуге және үлгі тұтуға лайықты екендігін біз біле бермейміз.


Күн сайын болашақта ұлы нәрсеге айналатын қаншама істер жүзеге асып жатады!


Тарихқа не ықпал ететіндігін ешкім білмейді, ол – ұлы ғылыми жаңалық немесе жаңа компанияның ашылуы, жаңа кітап жазу немесе бір-біріне ынтық жандардың қосылуы болуы мүмкін.


Бұл болашақтың үлесінде, біз замандастарымыздың оқиғалары мен істерін есімізде сақтап, болашақ тарихы үшін ақпараттық қор жинауға жауаптымыз.


Бұл Сіздердің ата-бабаларыңызға, әсіресе, балаларыңызға, немерелеріңіз бен шөберелеріңізге аса қажет. Сіз Қазақстанның Мәртебе Төрінде болғаныңыз оларға қалай әсер ететінін елестетіңізші, бұл оларға өз қаһармандарының бейнесін жасауға әсер етеді.


«Қазақстанның Мәртебе Төрі» жобасы жайында:



Адамзаттың қазіргі заманғы тарихы
Халықаралық тарихи-ақпараттық қор

«Қазақстанның Мәртебе Төрі»



Міндет: болашақ тарихы үшін қазіргі заман тарихындағы тұлға және ұйым тәрізді субъектілердің табыс, өмір және қызмет тарихына негізделген ақпараттық қор құру.

Мақсаты:
Интернетке қоғамдағы орны ерекше Қазақстан тұлғалары мен компаниялары, маңызды тарихи оқиғалар, сондай-ақ қала мен елдімекен тарихы жиналған қор кеңістігін қалыптастыру.

Анықтама, күнтізбе, жаңалық теле-, радио-, интернет және ақпараттық баспа жобаларын басу үшін тарихи ақпараттық ресурс құру.

Бұл кімдерге пайдалы?

  • Бұқаралық ақпарат құралдары – қазіргі заманның жаңа тарихы бойынша жаңалықтар легі мен қызықты ақпарттар дайындау үшін.

  • VIP қызметкерлердің құттықтау күнтізбесін жасау үшін кәсіпорын және мемлекеттік органдардың басшыларына.

  • Қазақстан Республикасынан маңызды стратегиялық серіктестер іздеген шетел компанияларына.

  • Педагогтар, студенттар мен оқушылар.

  • Жазушылар мен тарихшы-жазушылар.

  • Қазақстанда Туризм индустриясы, Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи орындарына бару бағыттарын қалыптастыру үшін.


Жобаны ұйымдастырушылар:

  • «SHAIKH» Креативті Шешімдер агенттігі

  • «ҚР Әлем қоры» АҚ


Жоба Интернет-альманах түрінде жасалған (Альмана́х - араб тілінен күнтізбе деп аударылады) – күн бойынша біріктірілген жыл сайынғы жинақ.

Ата-бабаңның мәртебесі мен мәңгілігінің құрметіне арнап болашақ тарихқа шамшырақ жағып қалдыр!